ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

«ДОМБЫРА-ДУМАН» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

20:44, 2 шілде 2018

Шілденің 1 күні елімізде тұңғыш рет ұлттық Домбыра күні тойланды. Осы орайда Қостанай қаласында, Тобылдың жағасында «Домбыра-думан» деген атпен ауқымды іс-шара өтті. Оған облысымыздың барша өнерпаздары қатысып, мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

Қостанайда бұл күні ұлттық аспап үні күй болып төгіліп, ән болып қалықтады. Ал кешқұрым Тобыл өзені жағасындағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағында мерекеге арналған думанды кеш басталды. Саябақтағы концерттік бағдарлама қостанайлық ақын Тоба Өтепбаевтың арнау жырымен ашылды. Одан кейін құлақ құрышын қандырып, рухыңды асыратын тамаша күйлер мен асқақ жырларға кезек берілді.

Сондай-ақ тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағындағы алаңында киіз үйлер тігіліп, қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі және бір күндік домбыра музейі ашылды. Экспозицияға келушілер Мұхтар Әуезов, Амангелді Иманов, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Мәриям Хәкімжанова, Әсия Беркенова, Темірбай Дарханбаев  аспаптарын тамашалап,  тарихымен таныса алды.

Домбыраны ұлықтауға арналған бұл шарада қазақтың ұлттық ойындары көрсетіліп, ат баптап, тазы жүгірткен жігіттер шақырылады. Думанда облыстағы танымал ақындар домбыра туралы жыр оқып, мүшайра өткізді. Күй жарысы, би жарысы, ең көркемдісі суырып-салма ақындар айтысы ерекше әсерлі болып, кешті думанға бөледі.

Айтулы шараға жастар мен қатар аға буын өкілдері де белсенді атсалысты. Бірі ән салса, енді бірі күй өнерінің құдреттілігін жиналғандардың назарына ұсынды. Сондай белсенді әжелердің бірі Ғайни Сванова. Ол облыстық «Ақ-дариға» хорының мүшесі. Осындай ұлттық мерекенің тойлануы ұлттық рухымызды көтеріп қана қоймай, ұмытылып бара жатқан рухани байлығымыздың қайта жаңғыруының алғышарты болмақ дейді.

Бұл мерекенің бір артықшылығы-«Домбыра-думанға» келген кез келген көрерменнің белсене қатысуында болды. Ол үшін өнерге жаны жақын қала тұрғындары өздерімен домбыраларын  ала келіп, күй немесе ән жарысына түсуі ерекеше әсер қалдырды. Жас ерекшелігіне шектеу жоқ, өнерпаз атаулының бәріне жол ашық. Сайып келгенде, бұл халықтың қатысуымен өткен ұлттық-халықтық мереке болды.

 

Әсел Құдайбергенова

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...