ШҰҒЫЛ! "ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!" Толығырақ

"BURABAY SUMMER FEST". АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ТАРТУ

20:50, 11 мамыр 2018

Өңірдің өнерлі балалары арасында "Burabay summer fest" халықаралық телевизиялық фестивалінің облыстық іріктеуі кезеңі өтті. Сайыста облыстың түкпір-түкпірінен келген 60-қа жуық жас дарын 7 номинация бойынша өнерлерін ортаға салды. Жеңімпаз атанғандар Астана қаласының 20 жылдығына орай өтетін Халықаралық байқауда бақ сынамақ.

Байқауда бағын сынаған қатысушылардың көзінде от, жүзінде нұр ойнап тұр. Себебі барлығының арманы халықаралық жарысқа жолдама алу. Солардың бірі, қазақтың қара домбырасымен күмбірлеген күйді аса шеберлікпен  орындаған Перизат Қалаубай. Ол Жанкелді ауданынан  арнайы келіп, бағын сынауда. Ұлттық аспаппен талант иесі, талай додаларда жүлделі оралып жүр. Басты арманым, музыкалық бағыттағы арнайы оқу орынында оқу дейді ол. 

Байқауға өңіріміздің 10-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдері қатысты. Конкурс вокалдық өнері дәстүрлі, академиялық, эстрадалық әндер мен  инструменталдық орындаушылық, хореографиялық өнер, көркемдік оқу сияқты 7 номинациялар бойынша бойынша ұйымдастырылды. Өнерлі балалардың басын қосқан доданың мақсаты – халықаралық деңгейде мәдени байланысты орнату. Дарынды балаларды ұлықтап, талантты жастарға жан – жақты қолдау көрсету. 
Балалар мен жасөспірімдердің халықаралық телевизиялық фестивалі   алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Аймақтық аламан бәйгеден әр аталым бойынша сүрінбей өткендер, келесі кезеңге жолдама алады. Айта кету керек,  басты гала-концерт елорданың 20 жылдығына тарту ретінде шілденің 1  күні Астана қаласында өтеді.

Ерболат Аханов

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...