ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

БАС ЖҮЛДЕ – АЙТЫСТЫҢ АҚТАҢГЕРІНДЕ

20:48, 27 қыркүйек 2019

Бас жүлде ақтаңгерге бұйырды. Көрнекті жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына арналған республикалық ақындар айтысында жерлесіміз Айбек Қалиев топ жарды. Оған автокөліктің кілтін облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев табыс етті.

Қазақ айтысты дегдар өнер деп бағалайды. Ежелден бері елмен бірге жасап келе жатқан жыр жарысы бүгінде қарыштап дамып, жаңа деңгейге көтерілген. Жыл сайын республикалық айтыс өткізу Қостанайда дәстүрге айналып келеді. Өңір атынан талай додаларға қатысқан ақын Әлфия Орманшина бұл жолы қонақ ретінде шақырылып, шәкірттерінің өнерін көрермендер залынан тамашалады.

Әлфия Орманшина шәкірттеріне тілеулес болып келсе, Моңғолия мемлекетінің Баян-Өлгий аймағында өткен айтыстарда тоғыз мәрте топ жарған ақын Сезімхан Жарылқанұлы баласы Шұғайып үшін тақым қысатынын айтады.

Қостанайда өткен сөз барымтасының алғашқы күнінде 14 ақын бақ сынасса, екінші күнгі сайысқа төрт жұп шығарылды. Финалда қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, көрермендер ықыласына бөленген айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев бас жүлдені қанжығалады. Автокөлік кілтін облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев табыс етті.

Өзге де ақындар жүлдесіз қайтқан жоқ. Бірінші орынды иеленген қызылордалық ақын Мейірбек Сұлтанханға 1 млн теңге бұйырса, екінші, үшінші орынды иеленген айтыскерлерге 500, 600 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар үлестірілді.

Марапаттау соңында бірқатар жас әдебиетшілерге Бейімбет Майлин атындағы стипендиялар табысталды. Бір реттік ынтыландыру – 150 мың теңгеден.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...