ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

АУДАНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ДАМУДА

20:22, 14 сәуір 2021

Алтынсарин ауданында мәдениет саласын дамыту жолға қойылған. Жергілікті өнерпаздар түрлі халықаралық өнер байқауларында жүлделі орындарды еншілеп, облыс даңқын асырып жүр. Мысал үшін, биыл «Мұрагер» қазақ ұлт аспаптар ансамблі Башқұртстан Республикасының астанасы Уфа қаласында өткен фестивальде сәтті өнер көрсетіп, көрермендердің көзаймына айналды.

Алтынсарин ауднында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдениет саласы қарқынды дамып келеді. Аудандық мәдениет үй күрделі жөндеуден өткізіліп, халыққа қызмет көрсетуде. Аудан тұрғындарына арналған түрлі үйірмелерді топтастырған мәдениет ошағының есігі әрқашан айқара ашық.

Мәдениет үйінің қызметкерлері биылғы жылы атап өтілетін бірқатар мерейтойлық даталарға да тың дайындықпен келіп отыр. Жоспарланған іс-шаралары да баршылық. Ең бастысы, аймақтағы карантиндік шектеулердің жойылуы, дейді мәдениет саласының өкілдері.

Бір жағымды жаңалық, биыл аудандық мәдениет үйінің «Мұрагер» қазақ ұлт аспаптар ансамблі Башқұртстан Республикасының астанасы Уфа қаласында "Зов Урала" IV Халықаралық оркестрлер мен ұлт аспаптар ансамбльдерінің байқау-фестиваліне қатысып, "Оркестрлер мен көркемөнерпаздар ансамбльдері" номинациясы бойынша сәтті өнер көрсетті. Ансамбльдің орындауындағы Сүгірдің "Бозінгені", Нұртуғанның термесі және Ермұрат Үсеновтің "Қара жорға" туындысы қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, жүлделі 1-орынды жеңіп алды.

Жалпы Алтынсарин ауданында қай салада да өсім бар. Халықтың әл-ауқатын көтеру жолында атқарылып жатқан шаралар ауыз толтырып айтарлықтай. Аудан экономикасының дамуы тұрақты, халықтың ауданына деген, оның болашағына деген сенімі зор. Осының бір көрсеткіші аудандағы мәдениет саласының дамуы деп білеміз.

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

«ЖАС ТАЛАНТ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИА ЖОБАСЫ
20:19, 6 мамыр 2021
«ЖАС ТАЛАНТ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИА ЖОБАСЫ
Толығырақ...
«ҚАЗАҚТАР» ТАРИХИ ТУЫНДЫСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
20:18, 6 мамыр 2021
«ҚАЗАҚТАР» ТАРИХИ ТУЫНДЫСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...