ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

«АСҚАҚ ӘНІМ – АСТАНА!» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

20:37, 28 наурыз 2018

Халық шығармашылығына арналған облыстық «Ел іші-өнер кеніші» фестивалі қорытындыланды. «Асқақ әнім – Астана!» деп аталған биылғы байқау, аты айтып тұрғандай Елордамыздың 20 жылдығына арналды. Облыс орталығында өткен қортынды концертте өнері озғандар жүлде алып, ерекше көзге түскендер атаулы сыйлықтар иеленді. Дәуренбек Әбдібек әңгімелейді.

Бір айға созылған байқауға өңірдегі барлық елді-мекендердің өнерпаздары қатысты. Алдымен ауылдарда, одан соң  аудан - қалаларда іріктеу кезеңдері өтті.  Әрине, аламанға түскеннің бәрі де алдыңғы лектен көрінуге барын салады. Алайда бәйге - өнері озғанға бұйырады.

Сонымен бас бәйге Федоров ауданында. Жүлдесі – 2 млн теңге.  Бірінші орынды жітіқаралық өнерпаздар иеленді.   Екінші орынды Әулиекөл мен Қостанай  ауданы, үшінші орынды Қостанай мен Рудный қалалары бөлісті.

Мәдениет басқармасы мұрындық болған байқауға облыстық «Қостанай» арнасы ақпараттық қолдау көрсетті. Барлық аудандық, қалалық іріктеу концерттері түсіріліп, мәдени іс-шараның өткізілу барысы жайлы 20 телекүнделік дайындалды.

Мұндай сайыстардың өңірдің рухани-мәдени саласының серпілуіне әсері мол. 2017-ші жылы облыстағы 19 өнер ұжымы мен 34 адам 24 халықаралық байқауға қатысып, барлығы дерлік жүлделі орындарды иеленген.

Облыста мәдениет саласын қолдау қашанда назардан тыс қалған емес. Былтыр ғимараттарды жөндеуге 204 млн теңге, материалдық базаны нығайтуға 37 млн теңге бөлінген. Руханият пен мәдениеттің өркендеуіне жергілікті кәсіпкерлер де қомақты үлес қосып отыр.

Дәуренбек Әбдібеков

Тақырып бойынша материалдар

«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
11:14, 15 қараша 2021
«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЭПОСТЫ ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ
10:57, 12 қараша 2021
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЭПОСТЫ ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:54, 22 қараша 2021
«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...