ШҰҒЫЛ! ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІП, ӨТКІЗУ ҮШІН ЗАҢ ЖЕТІЛДІРІЛДІ Толығырақ

АРҚАЛЫҚ ТЕАТРЫ АЙТМАТОВ ШЫҒАРМАСЫН САХНАЛАДЫ

10:50, 8 қазан 2021

Сондай-ақ, Көкшетаудағы Шаяхмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «Арқалық қазақ жас өспірімдер театры» қырғыз қаламгері - Шыңғыс Айтматовтың «Мәңгүрт» шығармасы желісінде трагедиялық қойылым ұсынды.Театр репертуары қазақ әдебиеті классикасы мен қазіргі заман әдебиетінің озық үлгілері негізіндегі қойылымдарға бай. Солардың қатарында: «Қараша қаздар қайтқанда» тарихи драмасы, «Абай - Әйгерім» лирикалық драмасы, «Ақ кеме», «Келіндер көтерілісі», «Шығыс ертегісі» және «Сиқырлы терезе» тәрізді белгілі туындылар бар. Өнер ұжымының атауы «Арқалық қазақ жас өспірімдер театры» болғанымен, олар сахналаған қойылымға жиналған ересектердің қатары қалың болды. Себебі, спектакль тек жастарды ғана емес, ересектерді, ол аз десеңіз, барша адамзат баласын алаңдатқан мәселе көтерді. Сондай-ақ, Тобыл өңірінің мәдени күндері аясында жергілікті өнерпаздар Ақмола облысының Үкілі Ыбырай атындағы мәдениет үйінде Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының Назымбек Молдахметов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі «Думанды Тобыл» атты мерекелік концертін ұсынды.

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...