ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

20:56, 18 наурыз 2019

Халықтар биі мен заманауи хорегография. Әр түрлі жанр болғанымен, оларды біріктіретін - өнер. Жастар жылында қостанайлықтар таланттардың басын қосқан халықаралық би фестивалін тамашалады. Тобыл төрінде тұңғыш рет өткен ауқымды мәдени шара аясында 4 мемлекеттен келген 11 ұжым өнер көрсетті.

«Наурыз достарын шақырады». Осындай атаумен өткен облыс үшін маңызы зор фестивальдің негізгі мақсаты би өнерін дамыту, Қазақстан өңірлері мен шет ел ұжымдарының арасында щығармашылық байланыс орнату болып табылады. Халықаралық фестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен көрші Ресейден 11 би ұжымы қатысты. 

Өнерпаздардың басым бөлігі ірі-ірі халықаралық байқауларда үздік танылып жүрген кәсіби би ұжымдары. Олардың ішінде Астана қаласының «Шашу»,Санкт-Петербургтен келген «Невские зори» би ұжымы, Өзбекстаннан «Жемчужина», Қырғызстаннан «Тәбәрік» және қостанайлық «Карнавал», «Алтынай», «Маленький орел», «Еркеназ», «Зарянка» би ансамблдері бар.

Шарада бишілер халық билерін көрсетті.Бұл олардың әрқайсысының репертуарларынан таңдап алынған ең жақсы көріністері. 

Барлық би топтары барынша жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысты. Ал, көрермен оларға жоғары баға беріп, қошемет көрсетті. 

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...