ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

АЛЕКСАНДР КАЛУГИННІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

20:47, 6 ақпан 2019

Өнерге құмартқан жеткіншектердің өрісін кеңейтіп, талай таланттарды түлеткен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі - Александр Калугин 80 жасқа толды. Мерейтой иесінің шығармашылық кешіне тәлімгердің шәкірттері, өнер жанашырлары мен әріптестері жиналды.

Қытымыр қыстың қаһарына қарамастан, облыстық филармонияда ине шаншар жоқ. Себебі бұл күн – талай талантты түлеткен Александр Калугинның сексеннің сеңгіріне шыққан күні. Тобылдық сахна саңлағының шәкірттері – бүгінде  халықаралық сайыстарда ел намысын қорғап, сан мәрте үздік екендерін дәлелдеп жүр. Өнерлі өрендердің ұясына айналған студияның шәкірттері - мерейтой иесіне арналған концертте  әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі.

Күміс көмей, жез таңдай әнші ТМД елдерінде талай мәрте гастрольдік сапарларда болып, 10 мыңнан астам опералық жанрда концерт қойған. Өмірі өнермен өрілген мәдениет майталманын – Астаналық шәкірттері әдейілеп келіп, жүрекжарды ақ тіелктерін білдіріп жатты.  

Көрнекті тұлға облыстық өнер ұжымы дайындаған шығармашылық кеште - шабытының шалқарын кешті. Сексенге келіп жеткен өнер майталманы мәртебесін асқақтатып, қуанышына ортақтасқан қадірлі қауымға дән ризалығын жеткізді.  

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...