ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫ

20:43, 4 қазан 2018

Бүгін Тобыл төрінде республикалық ақындар айтысы басталды. Бұл жыр додасының тақырыбы Шақшақ Жәнібектің 325 жылдығы және Қайнекей Жармағамбетовтың 100 жылдығы және Ақсұлу Орысбайқызының 145 жылдығы аясында өрбуде.

Бәйге басталмай тұрып, ақындар алдымен алғашқы Тархан бабамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті. Тартысты доданың қатысушылары айтыс арқауы Шақшақ Жәнібек болғандықтан, батыр бабамыздың рухынан шабыт алуға келгендерін айтады.

Аламан додаға есімі елімізге танымал  Мұхтар Ниязов, Қазірет Бердіхан, Мейірбек Сұлтанған секілді алыстан ат терлетіп келген айтыскерлер қатысуда. «Тобылым-Торғайым, жүректен толғайын» атты ж ыр додасы Шақшақ Жәнібектің 325 жылдығы мен Қайнекей Жармағамбетовтың 100 жылдығына, Ақсұлу Орысбайқызының 145 жылдығына орай өткізіліп отыр. Сондықтан ақындар өлеңінің өзегі де елдік, бірлік тақырыбында болмақ. Екі күнге созылған айтысқа 7 жұп қатысады. Олардың бәрі талай рет аламанға түсіп шыңдалған өнерпаздар.

Мұндай жоғары деңгейдегі жыр сайысы Қостанайда соңғы он жылда өтпеген. Бас бәйге жергілікті зауытта құрастырылған автокөлік тігілді.Қатысушылардың айтуынша бүгін бастау алған аламан тартыс қызу талқыға түсіп жатыр. Қазылардың әділ шешімі ертеңгі күні белгілі болады.

 

Айгерім Шаяхметова

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...