ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

АҚЫЛБЕК ШЯХМЕТТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ

20:30, 21 маусым 2021

Туған жерім, ең асыл, қасиетті. Жітіқара жұртшылығы қазақ еліне танымал ақын, жазушы, публицист, Тобыл топырағының талантты тумасы – Ақылбек Шаяхметтің 70 жылдығын тойлатты. Сондай-ақ, биыл ақын шығармашылығының 55 жылдық мерейтойы. Қаламгерді құттықтау үшін кешке арнайы ақынның достары, танымал тұлғалар келіп ізгі тілектерін білдірді.

Ақын, жазушы, публицист Ақылбек Шаяхметтің есімі бұл күнде республикаға  мәлім. Мемлекеттік баспалардан жарық көрген 40-тан астам кітаптың авторы кезекті рет  оқырмандарын өз төңірегіне ұйытты. Шығармашылық кешке арнайы ат басын бұрған сыйлы қонақтардың да қатары көп болды. 70 жылдық мерейтойы аясында Ақылбек Шаяхмет  білім алған Мұса Шожанов атындағы қазақ мектебінде ұстаздармен және шәкірттермен кездесу өтті.

Ақынның Шоқан, Ыбырай жайлы жазған және өзге де тақырыптар арқау болған пьесалары оны драматургтық қырынан елге танытты. Балалар әдебиетінде де айшықты қолтаңбасы бар. Ал өлеңдері республикалық сахналарда ұдайы шырқалып жүр.

Кеш барысында аудандық мәдениет үйінде ақын пьесаларынан үзінділер көрсетіліп, оның сөзіне жазылған әндер орындалды. Ал ақынның мерейтойымен құттықтауға арнайы келген аудан әкімі Нұржан Өтегенов «Ауданның құрметті» азаматы атанған ақынға шапан жауып, ат мінгізді. 

Кеш соңында Ақылбек Шаяхмет өз өлеңдерін көпшілік қауымға ұсынды. Жиналған жұртшылық рухани азықпен сусындап, мерекелік кештен риза болып тарқасты.  

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...