ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

АЙТЫСКЕР АҚЫН МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

20:14, 22 ақпан 2021

Төл өнеріміздің төрге шығуына шығармашылығымен үлкен үлес қосқан, айтыс әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар, Батпаққара өңірінің тумасы Бүркіт Бекетовты танымайтын кісі кемде-кем. Қасиетті қара домбырасы қолынан түспей, киелі өнерді кеңінен насихаттап, Тобыл-Торғай өңірінің мәдениет саласына сіңірген зор еңбегі үшін айтыс ардагері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.

Тәуелсіздік тойы аясында елдің әлеуметтік, мәдени дамуына үлес қосқан азаматтарға қолдау көрсетілуде. Осы оорайда танымал айтыскер, көптеген әнге сөз жазған талантты ақын Бүркіт Бекетов ағамызға «Мәдетиет саласының үздігі» наградасы берілді. Бұл, ең алдымен, Бүркіт ағамызға көрсетілген жеке құрмет, екіншіден, өнер адамдарына деген қолдау-қошемет.

80-ші жылдардан бастап айтыс сахнасына шығып, талай аламанда топ жарған ақын Бүркіт Бекетовтің есімі жырсүйер жұртқа етене таныс. Ол елге белгілі Жадыра Құтжанова, Әлпия Орманшина сынды айтыскерлерге тәлім берді. Сыныптас, сырлас жақын досының мерейлі сәтіне куә болуға танымал композитор Қалибек Деріпсалдин  марапат иесі туралы өз  лебізін білдірді.

Бүркіт ағамыздың мәдениет және білім саласына сіңірген еңбегі елдің көз алдында. Сондай-ақ, айтыс әлеміндегі жарқын сәттері мен ерек өнері телеарналар архивінде сақтаулы. Марапат иесінің ел игілігіне берер қазынасы әлі де мол екеніне сенім мол.

Тақырып бойынша материалдар

КІТАП КӨРМЕСІ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ АРНАЛАДЫ
20:14, 24 ақпан 2021
КІТАП КӨРМЕСІ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ АРНАЛАДЫ
Толығырақ...
Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КҮНТІЗБЕ ШЫҚТЫ
20:25, 17 ақпан 2021
Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КҮНТІЗБЕ ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...