ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 15 ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

20:24, 8 маусым 2021

Қостанайда «Қару» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара аясында рейд жүргізіліп жатыр. Өңірде 63 жедел топ жұмыс істейді. Сегіз мыңнан астам азаматтық қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тәртіп сақшылары тексерді. Жедел алдын алу шарасының 16 күніне дейінгі аралықта 1070 рейд өткізілді. Полиция қызметкерлері 782 шалғайдағы шаруа қожалығы және жайылымдарды, бақша қоғамдастықтарын тексерді.

Операция барысында, облыста заңсыз айналымнан полицейлер 15 қаруды, оның ішінде бір электрлік қаруды, ойық және тегіс ұңғылы қаруға 99 патроны тәркіленді. Қарасу ауданында 29 жастағы тұрағынынан ТОЗ-8 калибрлі тіркелмеген мылтық табылды. Жетіқара ауданында 49 жастағы ер адамнан шағын калибрлі мылтықтан 50 патроны тәркіленіп алынды. Сонымен қатар, 122 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды: Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаудың 14 фактісі, 83 иесі қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау ережелерін бұзған, 25 азамат тіркеу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қостанай қаласында 6 тегіс ұңғылы қаруды және бір газды қаруды тұрғындар өз еркімен тапсырды, 8 қару иесінің рұқсат күшін жойды. Еске сала кетейік, Қостанай облысында суық қаруды қолдану және ескерту бағытында 17 мамыр мен 17 маусым аралығында жедел алдын алу шарасы өтуде.


 

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ
20:54, 15 маусым 2021
ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПОЙЫЗ ЖОЛАУШЫСЫНЫҢ 116 МЛН ТЕҢГЕСІ ҰРЛАНДЫ
20:41, 10 маусым 2021
ПОЙЫЗ ЖОЛАУШЫСЫНЫҢ 116 МЛН ТЕҢГЕСІ ҰРЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...