ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ПОЙЫЗ ЖОЛАУШЫСЫНЫҢ 116 МЛН ТЕҢГЕСІ ҰРЛАНДЫ

20:41, 10 маусым 2021

Көлік полициясы пойыз жолаушысының 116 млн теңге салынған сөмкесін ұрлау фактісін әшкереледі. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қостанай-Алматы» бағытымен кетіп бара жатқан пойыздың 22 жастағы жолаушысының сөмкесінде 116 900 000 теңге болған. Ойында бөтен ештеңе жоқ жолаушы кешкісін ұйқыға жатып, Жақсы станциясына келгенде оянған. Ол пойыз қозғалған кезде ақша салынған сөмкесін таппай қалған және ол туралы бірден полицияға хабарлаған. Көліктегі Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаевтың сөзінше, қылмыс жөнінде хабарды алысымен департаменттің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылған. Қылмыскерді іздестіру барысында теміржол көлігінің барлық нысандары, сондай-ақ жақын жердегі елдімекендер тексерілді. Пойыз қызметкерлерінің барлығынан жауап алынып, нәтижесінде қылмысты жасауы ықтимал күдіктінің автопортреті салынды. 8 маусым күні Нұр-Сұлтан қалалық көлік полициясының қызметкерлері қылмысты жасауы мүмкін деген үші күдіктіні ұстайды. «Күдіктілердің тұрып жатқан жеріне тінту жүргізіліп, оның барысында 12 620 000 теңге мен 198 500 АҚШ доллары табылды. Ақшаның бір бөлігін күдіктілер қылмыс жасала салысымен екі көлік сатып алуға жаратып үлгерген. Күдіктілер тұтқындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ
20:54, 15 маусым 2021
ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...