ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ПӘТЕР АЛАЯҚТАРЫ КӨБЕЙГЕН

20:02, 29 сәуір 2021

Қостанай облысында алаяқтар көбейді. Биыл жыл басынан бері осындай фактіге қатысты 508 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 56 пайызға көп. Оңай пайда табуды көздеген әккі қулар әсіресе, пәтерді жалға алғысы келетіндерді тақырға отырғызады. Тіпті, көптің күдігін тудырмас үшін жалған құжат та жасатып алатын көрінеді. Сондай-ақ, өңірімізде интернет алаяқтығына қатысты деректер де артқан.

Қала орталығында екі бөлмелі пәтер жалға беріледі. Мен агеннтік өкілімін, үй әлі бос тұр. Қаласаңыз, сізге көмектесеміз, бірақ біздің қызметіміздің ақысын алдын ала төлейсіз. Өзін агенттік өкілімін деп таныстырған азамат хабарландыру берген адамға осылай деп қоңырау шалады. Сосын, үй иесінің ұялы телефонын береді, ол кешке пәтерін көрсетем деп уәде етеді. Ал кешке кездесер алдында, пәтер иесі тығыз шаруалары болып қалғанын айтады.   Қостанай қаласының екі тұрғыны осындай әдіспен оңай ақшаға кенелмек болған.  

Қазіргі таңда ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-ші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, көп жағдайда алаяқтар халықты жалға алу құнының бағасын нарықтағыдан анағұрлым арзандатып арбайды екен. Дегенмен, тәртіп сақшылары қандай жағдай болмасын, салғырттық танытпай құжаттарды тексеріп алуға кеңес береді.
 

Ал, Әулиекөл ауданының 31 жастағы тұрғыны Алматы қаласында тұратын сыбайласымен бірлесіп онлайн-тауарлық несиелерді заңсыз тіркеуді жүзеге асыру арқылы өз жерлестерін алдап келген. Ол ауыл тұрғындарының жеке деректерін алу үшін қайырымдылық шарасы деген желеумен жәбірленушілерге азық-түлік таратқан. Фотоесеп беру үшін деп сосын олардың суреті мен жеке мәліметтерін алған. Кейін ол мәліметтерді банктердің бірімен келісімі бар жеке кәсіпкерге берген. Жәбірленушілер  «өздерінің» несиелері бар екендігі туралы тек банк қызметкерлерінің қоңыраулары мен несие қарызын төлеу туралы SMS хабарламаларынан кейін біледі. Аудандық полиция бөліміне осы дерекке байланысты 8 адамнан шағым түскен. Зардап шеккендере келтірілген шығын көлемінің жалпы соммасы 5 млн теңгеден асады. Күдіктінің кішкентай баласы бар, бұрын сотталмаған. Қазіргі таңда ол үй қамағына алынды.
Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН
20:23, 5 мамыр 2021
ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН
Толығырақ...
ТЕМІР ЖОЛ БОЙЫНДА ҚАРАУСЫЗ МАЛ КӨБЕЙГЕН
20:23, 4 мамыр 2021
ТЕМІР ЖОЛ БОЙЫНДА ҚАРАУСЫЗ МАЛ КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...
ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУЛАРДЫ ТАПСЫРҒАН ТҰРҒЫНДАР СЫЙАҚЫ АЛДЫ
20:03, 29 сәуір 2021
ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУЛАРДЫ ТАПСЫРҒАН ТҰРҒЫНДАР СЫЙАҚЫ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...