ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАР ҚОС ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ АТЫНАН АЛТЫ НЕСИЕ РӘСІМДЕГЕН

20:42, 2 сәуір 2021

Интернет алаяқтар ерлі-зайыпты зейнеткерлердің атынан 6 несие рәсімдеген. Соның кесірінен Рудный қаласында тұратын қос қария сегіз айдан бері зейнетақыларын толық ала алмай жүр. Себебі сот орындаушылары алмаған қарызы үшін зейнетақының бір бөлігін ұстап қалып отыр. Әріптесім Дәуренбек Әбдібек тарқатсын.

Жарқынай Ахметова өз атынан екі рет, жұбайының атынан төрт рет былтыр жазда белгісіз біреулер несие рәсімдегін айтады. Бұл туралы ол коллекторлық компания өкілдері қоңырау соғып, қоқын-лоқы жасай бастағанда бір-ақ біліпті. Кейін ескерту хаттары да келген. Аяғында зейнетақыларын ұстай бастайды.

Алаяқтар қарапайым зейнеткерлерді ғана емес, банк қызметкері Әсел Ысқақованы да қапы қалдырған. Оның өз атына осыдан үш жыл бұрын рәсімделген үш бөлек несие әлі мойнында тұр.

Полиция департаментіндегілер 2019-шы жылы интернет алаяқтыққа байланысты 652 қылмыс тіркелсе, 2020-шы жылы бұл көрсеткіш 800-ге жуықтағанын айтады. Ал биыл жыл басталғалы 300-ден астам осындай қылмыс тіркеліп, оның 56-сы ғана ашылған.

Қылмыс ашылмаса жәбірленушінің несие тарихын қалпына келтіру де қиын. Бірақ полицияға алаяқтық құрбаны болғаны жөнінде арыз жазылған соң сот орындаушыларының азаматтардың есеп-шоттарын бұғаттап, жалақысын, зейнетақысын ұстауына болмайды. Сондықтан полиция департаментіндегілер рудныйлық қарияларға байланысты істі нақтылап, бақылауға алатындарын айтты.

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН
20:23, 5 мамыр 2021
ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН
Толығырақ...
ТЕМІР ЖОЛ БОЙЫНДА ҚАРАУСЫЗ МАЛ КӨБЕЙГЕН
20:23, 4 мамыр 2021
ТЕМІР ЖОЛ БОЙЫНДА ҚАРАУСЫЗ МАЛ КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...
ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУЛАРДЫ ТАПСЫРҒАН ТҰРҒЫНДАР СЫЙАҚЫ АЛДЫ
20:03, 29 сәуір 2021
ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУЛАРДЫ ТАПСЫРҒАН ТҰРҒЫНДАР СЫЙАҚЫ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...