ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

АЛАЯҚТАР ҰСТАЛДЫ

20:23, 8 маусым 2021

Қостанайда онлайн несие рәсімдеу арқылы қазақстандықтарды 26 млн теңгеге «сазға» отырғызған алаяқтар ұсталды. Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Қостанай облыстық полиция департаменті киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері шағын несие ұйымдарының біріннен онлайн несие рәсімдеген елорданың екі тұрғынын ұстады. Алаяқтар әлеуметтік желідегі азаматтардың жеке мәліметтерін пайдаланып, онлайн несие рәсімдеген. Алаяқтардың іс-әрекетінің салдарынан еліміздің 12 өңірінен 210 адам зардап шеккен. Займ мөлшері 70 мыңнан 300 мың теңгеге дейін. Зардап шегушілердің басым бөлігі өз аттарына несие рәсімделгенін полиция қызметкерлерінен, ал қалғандары қарыздың жиналып қалғаны туралы СМС-хабарлама мен шағын несие ұйымдар қызметкерлерінің борышты өтеуді өтінген қоңырауларынан кейін білген. Алаяқтардың кесірінен азаматтар 26 млн теңге материалдық зиян шегіп отыр. Қаскүнемдер ақша қаражаттарын Қазақстанның түрлі банктеріндегі виртуалды карталарға аударып, одан дейін букмекерлік кеңселерде ставка қоюға пайдаланған. Күдіктілер Қостанайдағы тергеу изоляторына қамалды.

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ
20:54, 15 маусым 2021
ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПОЙЫЗ ЖОЛАУШЫСЫНЫҢ 116 МЛН ТЕҢГЕСІ ҰРЛАНДЫ
20:41, 10 маусым 2021
ПОЙЫЗ ЖОЛАУШЫСЫНЫҢ 116 МЛН ТЕҢГЕСІ ҰРЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...