ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН

20:54, 6 қыркүйек 2019

Жолдау жүктеген жұмыссыздықпен күрес мәселесі Жітіқара ауданында жүйелі түрде жүріп жатыр. Биыл аудан бойынша еңбекпен қамту бағдарламасына 2 мыңға жуық адам тартылмақ. Кәсіптік білім беру, қайта даярлау, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу арқылы, жұмыссыздық деңгейі де бұнда едәуір төмендеген.

Андрей Биттер шапағаты мол бағдарламаға шексіз алғысын білдіруде.  Жұмысқа орналасуға дәл осы жобаның жәрдемі көп болған. Әуелде қос қолға бір күрек  таба алмай қианлған  жас жігіт  мемлекет есебінен кәсіби білім алуға болатыны жайында естиді, қуанады. Құжаттарын жинап, жұмыспен қамту орталығына барады. Берілген нұсқау бойынша, жергілікті   колледжде 3 айлық қысқа мерзімдік курста тракторшы- машинист мамандығын меңгеріп шығады. Сөйтіп, саяжай қауымдастығына  жұмысқа  тұрады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға аудан бойынша 72 адам тартылған. Оқуын тәмамдаған  15 адам мамандықтары бойынша бүгінде түрлі мекеме, ұйым, өндірістерде еңбекке араласқан. Одан бөлек  мобильді оқыту орталықтары арқылы ауданда  150  адам 1 айлық қысқа мерзімді курстарда еңбек нарағында сұраныс басым мамандықтарды  меңгермек. Бұл жобамен ауданға қарасты Тоқтаров,Ерсай, Пригородное ауылдары қамтылмақ. Сала қызметкерлері бұдан кейін оларды жұмысқа тұрғызу жағына кіріседі.

Ауданында  57  адам әлеуметтік еңбек орындарына  орналасты. Жоспар артығымен орындалғанын жеткізді мамандар. Инна Эргарт  оссыдан  жарты жыл бұрын трикотаж  ательесіне  тігінші  болып жұмысқа тұрды. Жалақысы да тәп-тәуір, жұмыс кестесі де өзіне ыңғайлы.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша  биыл 1700  азаматты  еңбекпен қамту  межеленген. Оның 70 пайызы орындалды. 22  жас маман жастар тәжірибесі бойынша мекеме, ұйымдарға жіберілді. Бағдарламаның  барлық бағыттар бойынша ауданда белсенді жұмыстар атқарылуда.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...