ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:39, 4 қыркүйек 2019

Отбасылық бизнесті дамыту, өндірісте жаңа технологияларды енгізу, экономиканы әртараптандыру, экологиялық таза өнімдер шығару. Бұл елдің тұрмысын көтереді. Халықтың жұмыспен қамтылуына жағдай жасайды. Мемлекет басшысының биылғы жолдауында кәсіпкерлікті өркендетіп, бизнеске жеке инвестицияларды тарту тапсырмасы міндеттелді. Облыс әкімдігінде маңызды стратегиялық құжатты талқылаған мәжіліс болып өтті. Өңір басшысының айтуынша, жолдауда белгіленген 5 бағыт бойынша биыл көптеген іс-шаралар атқарылмақ.

Маңызды құжатта шағын, әсіресе микробизнесті дамыту еліміздің әлеуметтік –экономикалық қуатын арттыратыны айтылды. Бұл ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс беріп, жұмыссыздықты азайтады. Мемлекет алдағы уақытта да бизнесе қолдау көрсетуді тоқтатпайды. Мысал үшін, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында аймағымызға биыл 2 млрд теңге бағытталды. Қаржы толығымен игерілді. Демек, бұл бағдарламаға деген сұраныстың өскенін аңғартады.

Биылғы жолдауда агроөнеркәсіп кешенін дамытуға байланысты бірқатар тапсырмалар берілді. Экологиялық таза, сапалы өнім шығаруға. Мемлекеттік қолдау аграрлық секторда әлемнің озық тәжірибелерін енгізуге бағытталмақ. Еліміздің дамуын айқындаған стратегиялық құжаттың негізгі бөлігі әлеуметтік қолдау шараларын арттыруға қатысты.

Президент бекітіп берген барлық бағыттар- халықтың әл- ауқатын жақсартуға, ауылды гүлдендіруге бағытталған. Негізгі басымдықтар бойынша жұмысты үйлестіру – басты тапсырма.

Жолдауда бекітілген тапсырмаларды ойдағыдай орындау үшін барлық басқармалар , аудан, қала әкімдері күш жұмылдыруы қажет. Және де маңызды құжатта көсретілген бағыттар тұрғындарға түсіндірілуі тиіс екенін атап өтті Архимед Мұхамбетов.

Тақырып бойынша материалдар

«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА
20:30, 2 маусым 2020
«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар