ШҰҒЫЛ! Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар (Толық нұсқа) Толығырақ

Жолдау жаңа жетістіктерге жол ашады

13:14, 12 қаңтар 2018

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында он бағыт көрсетілген. Әр тармақ ел экономикасының дамуына бағытталған. Сарапшылар пікірінше, мемлекеттің дамуы – жалпы ішкі өнімнің дамуының индексі болмақ. Бұл қазіргі таңдағы дүниежүзілік тенденцияға сәйкес келеді және қоғам мен мемлекеттің даму дәрежесін дәл көрсетеді. Осы басым бағыттарды түсіндіру тұрғысында Мәжіліс депутаттары Қостанай Академиясында ұжымымен кездесу өткізді.

Қазақстанда басқа елдердегідей мемлекеттің әл-ауқатын арттыру мақсатында жасалған әдіснама бар. Бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде жалпы ішкі өнімнің өсуі мен ауыл шаруашылығын дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайына өзара статистика жүргізу қарастырылған. Сондықтан, осындай маңызды мақсаттарға жету үшін мемлекеттің ішкі жағдайына мән бере отырып, қоғам мен азаматтар дамуының айрықша индекаторын енгізген абзал деген пікір білдірді халық қалаулылары. Жолдауда жүктелген міндеттерді академия қызметкерлері де терең түйсінеді.

Елбасы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеруге баса назар аудару қажеттігін айтты. Қазақстан Республикасының 2050-ші жылға дейінгі даму стратегиясында да агроөнеркәсіп кешені басты бағыттардың бірі болып көрсетілген. Халқымыздың 44 пайызы ауылды аймақтарда тұрады. Сондықтан, жаңа технологияларды ең алдымен елді мекендерде енгізу қажет. Бұл деген – адами капиталды арттырудың басты тетіктерінің бірі саналады. 

Тақырып бойынша материалдар

Елбасы Жолдауы - өркендеу дәуірінің бастауы
20:39, 18 қаңтар 2018
Елбасы Жолдауы - өркендеу дәуірінің бастауы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Спортшыларға қосымша төлемақы тағайындалды
20:32, 15 қаңтар 2018
Спортшыларға қосымша төлемақы тағайындалды
Толығырақ...
Ұстаздар жалақысын көтеруге 3 млрд. теңге бөлінеді
20:30, 17 қаңтар 2018
Ұстаздар жалақысын көтеруге 3 млрд. теңге бөлінеді
Толығырақ...