ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

Жолдау мемлекеттік қызметке талапты күшейтті

20:34, 23 ақпан 2018

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова облыстағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары және студенттерімен кездесті. Жиында Қазақстан неліктен төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына ену керек, аймақтың индустриялизациялаудағы рөлі, цифрландыру және автоматтандырудың пайдасы, олар еңбек өнімділігін арттыруда қандай рөл ойнайды – осы және Жолдауда айтылған басқа да мәселелер талқыланды.

Айгүл Шайымова жас буын өкілдеріне басты міндет – азаматтардың мемлекеттік қызметке сенімін арттыру екенін айтты. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметші болғысы келетіндердің саны соңғы үш жылда 3,5 есе көбейген. Сонымен қатар, студенттер Агенттіктің аумақтық департаментімен берлесіп іске асырылған шаралар туралы ақпарат ұсынды. Болашақта ведомсвтоның Қостанай облысындағы департаменті студенттермен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар, «Таза сессия» және «Жемқорлық жоқ!» акцияларын, кездесулер, дәрістер мен семинарлар өткізеді.

Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым -қатынасын цифрландыру маңызды. Тарқатып айтсақ, азаматтар өз өтініштеріне дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс. Жолдауда мемлекеттік қызмет түрлерін мейлінше қолжетімді ету көзделген.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметке тұру талаптары өзгеріссіз қалды. Себебі, өздеріңіз білетіндей мемлекеттік қызметке тұру үшін кемінде 75 пайыз жинау керек болған, алайда бұл көрсеткішке жете алмай, жұмысқа тұра алмағандар саны көбейгендіктен,  пайыздық көрсеткішті 50-70 пайызға төмендеттік.

Мәтін: Сондай-ақ, кездесу барысында денсаулық сақтау және өңірді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету сынды маңызды мәселелері қозғалды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
20:35, 13 желтоқсан 2018
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
Толығырақ...
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
20:30, 22 қараша 2018
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
18:20, 21 қараша 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...