ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

Жаңа технология - даму жолы

20:32, 22 ақпан 2018

Президенттің биылғы Жолдауында барлық сала қамтылып, ел көңілінде жүрген мәселелер сараланды. Халықта бұл бастаманы бірауыздан қолдады. Ақпараттандыру және байланыс министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметовпен кездесу барысында Қарабалық ауданының жұртшылығы осылай деді. Жиында сонымен қатар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы да талқыланды.

Елбасының биылғы жолдауында қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынына ерекше тоқталған. Бұл жөнінде Елбасы «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарт. Сол себепті, «Жолдау», «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды заман талаптарына даярлаудың қамы» деп ел алдына үлкен міндет жүктеді.

Елімізде жаңа технологияны жетік меңгере түсу үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Ол 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт - ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт-көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда экономиканың салаларына цифрлы технологияны ендіру. Үшіншісі- мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт - IT-мамандарды даярлау.

Қарап отырсақ, бұл жұмыстардың барлығы атқарылып жатыр. Интернет желісі қолжетімді болу үшін облыс, аудан орталықтарынан бөлек, шалғайдағы ауылдарға да қолайлы жағдай жасалуда. Мұның барлығы санды технологияны ендіру үшін жасалған қадамдар. Жаңа технологиялар бүгінде кез-келген салада кеңінен қолданылуда. Бұл да бір жаңашылдықтың көрінісі екені анық.  Бір сөзбен айтқанда, цифрлы жүйе әлемдік көшке ілесудің бастамасы. Бұл бастаманы Қарабалық ауданының тұрғындары қолдайтындарын жеткізді.

Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы «отыздыққа» қосылуы үшін, Төртінші жаңғыруды жүзеге асыруға жұмыла кірісуіміз керек, дейді көпшілік.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
20:35, 13 желтоқсан 2018
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
Толығырақ...
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
20:30, 22 қараша 2018
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
18:20, 21 қараша 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...