ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«Тәуелсіздік дәуірі» - егемен елдің энциклопедиясы

20:43, 11 қаңтар 2018

«Тәуелсіздік дәуірі». Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Сөз басында Президент: «Бұл кітап - менің ұлы қолдаушым, өз кемел келешегіне қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп кітаптың мазмұнын айқындап берді. Жаңа жинақтың электронды нұсқасын оқып шыққан қостанайлықтар Елбасы еңбегіне ерекше баға беріп, ой - пікірлерін жеткізді.

Тың туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны егжей-тегжейлі баяндалады. Сондай-ақ, кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған.

«Тәуелсіздік заманы – еліміз үшін ғасырлар жүгін арқалаған ғаламат дәуір. Соның бәрінде Елбасы мемлекетімізді әлемдік қауымдастықтың ең алдыңғы қатарына шығарды. Қазақстан - бүгінде іргесі берік, ынтымағы жарасқан, экономикасы қуатты, саяси жүйесі сараланған, өз жолын, болашағын айқындаған, әлемдік қауымдастық алдында беделі биік,  мемлекет. Осының бәрін санаға сіңіру оқырман қауым үшін аса маңызды - дейді кітапхана қызметкерлері.

Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады. Олар «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы», «Ұлы бетбұрыс. еліміздің екінші жаңғыруының басталуы», «Қияға құлаш сермеу. Отанымыздың екінші жаңғыруы» мен «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы» деп аталады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДАҒЫ ҮЙЛЕРГЕ QR-КОДТАР ОРНАТЫЛУДА
18:10, 4 шілде 2018
ҚОСТАНАЙДАҒЫ ҮЙЛЕРГЕ QR-КОДТАР ОРНАТЫЛУДА
Толығырақ...
ДАМУҒА БАСТАР БЕС БАҒЫТ: ТИІМДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ КӨЗІ
18:08, 6 маусым 2018
ДАМУҒА БАСТАР БЕС БАҒЫТ: ТИІМДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
20:45, 17 шілде 2018
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
20:30, 16 шілде 2018
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...