ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ Толығырақ

«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

20:38, 11 қазан 2019

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы Қостанай мемлекеттік университетінде қызу талқыланды. Семинарға Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Сайыров, Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті жанындағы Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит Сыдықназаров қатысты. Меймандар «Сындарлы диалог – Қазақстандық қоғамның эволюциялық дамуының негізі» атты құжаттың маңыздылығына тоқталып өтті.

Семинарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан тапсырмалары әңгіме өзегіне айналды. Президент айқындап берген мақсат-міндеттер, адам капиталын дамыту, қоғаммен тиімді диалог құру, әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған. Президент, балалар арасындағы суицид, еңбек қатынастары мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Жолдауды талқылауға арналған ауқымды семинардың астықты аймақта өтуі де бекер емес. Еліміздегі білім саласының негізін қалап, оның дамып-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан танымал тұлғалардың біразы Тобыл өңірінің тумасы.

Жолдау – еліміздің қоғамдық саяси дамуының негізі саналатын маңызды құжат. Онда көтерілген бастамалар уақыт талабы. Президенттің жолдаудағы басым бағыттарына талдау жасаған саясаттанушылар осылай дейді. Мемлекет басшысының кезекті жолдауын насихаттау, маңызды құжатта айтылған мақсатты істерді мерзімінде іске асыру дұрыс жолға қойылуы тиіс.

Жолдауда көтерілген бастамалар билік пен халық арасында тығыз қарым-қатынасты нығайта отырып, қоғамдағы өзекті де өткір мәселелерді оңтайлы шешуге бағытталған. Аймақ азаматтары саясаттанушылардың жолдау жайлы айтқан әрбір пікірін зор ықыласпен тыңдады.

Астанадан арнайы келген меймандармен өткен кездесуде мекеме басшылары, оқытушылар қауымы жолдау жайлы айтылған алуан түрлі ой-пікірлерді тыңдап, біраз пайдалы мағлұматқа қанық болды.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ
20:45, 25 қыркүйек 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
20:25, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...