ШҰҒЫЛ! ҰРЫ БАНКИР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

«Smart city». Қостанайда QR-кодтар орнатылады

20:30, 5 наурыз 2018

Қостанайда «Smart city» жобасы Цифрландырудың жол картасы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінде негізгі 10 бағыт анықталды. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов мәлім етті.

Цифрландыру үрдісі әр салада барынша қамтылуы үшін облыста арнайы Жол картасы әзірленді. Құжатта 77 іс-шара ұсынылып отыр. 55 жоба жергілікті бюджет пен мекемелердің өз қаражаты есебінен қаржыландырылса, қалған 16-сы қаржыны қажет етпейді.

Биыл «Smart city» жобасы аясында Қостанайдағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандардың ғимараттарына QR-кодтар орнатылады. Тұрғындар аталған кодтар арқылы нысанның тарихын, пошталық индексін біле алады. Сондай-ақ, әр үйге бекітілген учаскелік полицей мен дәрігердің есімдері жазылады.

«Smart city» жобасының тағы бір бағыты қоғамдық көліктерде пайдаланады. Енді автобустарда жүру үшін жол ақысы қолма-қол ақшамен емес, «Оңай» электронды картасы арқылы төленеді. Базыл Жақыпов, бұл ретте, Алматы қаласының тәжірибесіне сүйеніп, автобустарға электронды билет енгізуді қолға алмақпыз, деді. Қазір мамандар жолаушылар көлігінің қызметі жөнінде мониторинг жасап жатыр. Бұл тұрғыда тұрғындардың пікірі маңызды. Барлығы жоспарлы түрде іске асса, «Оңай» картасы жақын арада-ақ жолаушылар игілігіне беріледі.

Жиында белгілі болғандай, биыл «Ақылды бағдаршам» жобасы да енгізіледі. Аталған бағдаршам үш режімде болады. Олар: таңғы, кешкі және түнгі. Қала әкімі айтқандай, осы режімдер арқылы электр энергиясын пайдалану қазіргіден 30%-ға дейін үнемделмек.

Тақырып бойынша материалдар

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
20:47, 19 қараша 2019
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
Толығырақ...