ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА

20:30, 2 маусым 2020

Түстіктен - теріскейге. Облыста қоныстандыру шаралары сәтті іске асырылып келеді. Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында алдыңғы жылы аймаққа екі жүзден астам отбасы өзге өңірлерден қоныс аударған. Оларға үй беріліп, тұрақты жұмыспен қамтылған. Көрсетіліп жатқан көмектен тыс, күнгейлік тұрғындар түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жеке кәсіп ашып, табысын молайтуда. Мемлекеттік қолдау арқылы солтүстікке, соның ішінде, Қостанай өңіріне «Серпін» бағдарламасымен оқуға келіп, кейін біржолата тұрақтап қалған жас мамандар аз емес. Солардың бірқатары Лисаков қаласын мекен еткен.

2014-ші жылдан бері Қазақстан көлемінде «Серпін-2050»: «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» атты мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеп келеді. Оның басты мақсаты – еңбек ресурстарының артықшылығы бар республиканың оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр жетіспейтін аймақтарда яғни, шығыс, батыс және солтүстік облыстарда оқытып, жұмысқа орналастыру. Алты жыл аралығында Тобыл топырағына табан тіреген түстік жастары бүгінде білдей білім беру мекемелерде еңбек етіп жүр. 

Мемлелкеттік бағдарламаның бір емес, екеуіне қатар қатысып, қазір жеке кәсіпкер атанып әрі оқу ордасында әдіскер болып жұмыс істейтін кезекті кейіпкеріміз - Алтынайым Игемберді. «Бастау бизнес» жобасы арқылы оқып, шағын тырнақ әрлеу салонын ашқан ол «Еңбек» бағдарламасын жастар үшін үлкен мүмкіндік деп біледі.

«Серпін – 2050» бағдарламасы мыңдаған жастарға Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан мен Қостанай өңірінің колледждерінде, ЖОО-да сапалы білім алуға мүмкіндік ұсынады. Бағдарлама шартына сай, шәкіртақы төленеді, жатақхана беріледі, оқу орынын бітірген соң, жұмысқа орналасуға жағдай жасалады.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...