ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Сенаторлар қостанайлықтарға Жолдауды түсіндірді

18:00, 12 қаңтар 2018

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері». Елбасының биылғы Жолдауында маңызды 10 басымдыққа назар аударды. Парламент сенатының депуттары аймақтарды аралап, мән – маңызы зор саяси құжатта көрсетілген міндеттердің ел үшін алар орны ерекше екенін атап өтіп, халыққа кеңінен түсіндіруде. Осындай келелі жиынның бірі Қостанай мемлекеттік университетінде өтті.

Биылғы басты бағдарламалық құжаттың ең негізгі ерекшелігі – интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолында ақпараттық технологияларға негізделген инновациялық дамыған қоғам құруды мақсат етуі.  "Адами капитал - жаңғыру негізі. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет" деді Президент. Сондықтан, әр қазақстандық жолдаудағы басым бағыттарды жете түсініп, оны жүзеге асыруда өз септігін тигізсе ғана межелеген жоспар орындалады дейді, сенаторлар.

Болашақты бағамдаған Елбасы «аграрлық сектор эконо­миканың жаңа драйверіне ай­налуы керек» дей келе Үкіметке ауыл шаруашы­лығын мейлінше жандандыруға байланысты нақты  тапсырма берді. Осы міндеттермен танысқан аграрлық мәселелер,  және ауылдық аймақтарды дамыту комитеті төрағасы Жеңіс Нұрғалиев білім беру мекемелерінде айти саласындағы  мамандарды даярлау мен астықты аймақтағы аграрлық саладағы  технологияларды енгізу қажеттігін айтты.
Жолдаудағы 10 бағытқа тоқталған сенаторлар  еліміздің экономикасын өркендетуде әр қазақстандықтың орны ерекше атап өтті.  Айта кету керек, биылғы саяси құжат 22-ші. Енді, әр сала бойынша инновациялық тың тәсілдер енгізіліп, еліміз мақсат еткен  30 дамыған  елдің қатарына ену көзделіп отыр.  

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДАҒЫ ҮЙЛЕРГЕ QR-КОДТАР ОРНАТЫЛУДА
18:10, 4 шілде 2018
ҚОСТАНАЙДАҒЫ ҮЙЛЕРГЕ QR-КОДТАР ОРНАТЫЛУДА
Толығырақ...
ДАМУҒА БАСТАР БЕС БАҒЫТ: ТИІМДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ КӨЗІ
18:08, 6 маусым 2018
ДАМУҒА БАСТАР БЕС БАҒЫТ: ТИІМДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
20:45, 17 шілде 2018
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
20:30, 16 шілде 2018
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...