ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЖАРҚЫН ІСТЕРДІҢ БАСТАМАСЫ

20:39, 9 қыркүйек 2019

Экономиканың дамуы – бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуы. Демек, әлеуметтік жағдайдың тұрақтылығының кепілі. Сондықтан, Қазақстан өз егемендігін алған алғашқы күннен бастап-ақ, Елбасымыз «Алдымен экономика, содан соң саясат» деп көрсеткен болатын. Бұл бағыттың ең дұрыс, әрі тиімді жол екендігін өмір өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан, жаңадан сайланған Президентіміздің Жолдауында осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру туралы айтылған. Бұған біз толық қолдау білдіреміз және бар күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз, дейді Ассамблея мүшелері ұйымдастырған жиында қостанайлықтар.

Жастар жылы, баспана мәселесі, зейнетақыдағы жаңа өзгерістер, көп балалы аналардың жағдайы қарастырылған саяси құжат қостанайлықтарды да бей-жай қалдырып отырған жоқ.  Облыс орталығында Ассамблея мүшелері ұйымдастырған жиында Жолдауда айқындалған басым бағыттар талқыланды.

2019 – Жастар, ал 2020 - Еріктілер жылы.  Президенттің басты  назарында жастар мәселесі.  Бұған дейін де Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылған бірқатар жобалардың арқасында бүгінде біраз мәселе шешімін тапқан.  Бұл жұмыстар әрі қарай жалғаса бермек. Өздеріне қамқорлық танытқан мемлекет басшысының Жолдауын сондықтан кейінгі толқын өкілдері бір ауыздан қолдаймыз деп отыр.

Президент жолдауында міндеттелген тапсырмаларды орындау – ортақ міндет. Көпшіліктің пікірі осыған саяды.

Жансая Асылбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА
20:30, 2 маусым 2020
«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар