ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ІІМ РЕФОРМАСЫНА 173 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

20:42, 6 қыркүйек 2019

Облыстық полиция департаментінің мамандары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи құжатта «Күш құрылымы саналатын полицияның келбеті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға қызмет көрсететін орган болады», - деп атап өткен болатын.

Тәртіп сақшылары күн сайын халықпен тікелей жұмыс істеп, тығыз қарым-қатынаста болады. Сондықтан әр офицер мен сержант Жолдаудың мазмұнын жақсы білуі қажет. Полиция департаменті басшысының орынбасары өз кезегінде қызметкерлерге жұмыс барысында ашықтық пен айқындықты нығайтуды тапсырды. Ал заң ғылымдарының кандидаты Әлімжан Бекмағамбетов Елбасы жасаған Бес институционалдық реформаны іске асыру бағдарламасы мен Ұлт жоспарына  тоқталды.

Жолдауда айтылған аса өзекті мәселелердің бірі - құқық қорғау жүйесін реформалау. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету жөніндегі орган болып құрылуы тиіс. Заң ғылымдарының докторы Сергей Жалыбин  Ішкі істер министрлігінің реформасына мемлекет келесі 3 жылда 173 миллиард теңге бөлінетінін еске салды. Бұл соманың басым бөлігі патрульдік полицейлердің жалақысын арттыруға бағытталмақ.

Ұлттық қауіпсіздік-бірінші стратегиялық басымдық. Осы орайда, мемлекет басшысының жолдауы тәртіп сақшыларына жаңа серпіліс беретіні хақ.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА
20:30, 2 маусым 2020
«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар