ШҰҒЫЛ! 30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ

20:35, 13 желтоқсан 2018

Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру, шаруа қожалықтары мен өндіріс ошақтарындағы қызметкерлердің жалақысын көтеру, бұқараны баспамен қамтамасыз ету тәрізді Елбасы Жолдауындағы тапсырмалар Қарабалық ауданында ойдағыдай орындалып келеді. «Алмаз» серіктестігінде қызмет ететін тұрғындар тұрмысы - сөзімізге айқын дәлел. Тәуелсіздік тойы қарсаңында бас қосқан фирма қызметкерлері алдағы уақытта атқарылар, Елбасы саясатына негізделген жүйелі жопарлармен танысты. Тақырыпты тілші жалғайды.

Президент өзінің Жолдауында ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Сол арқылы 2019-шы жылдың бірінші қаңтарынан бастап еңбекақысы төмен 1 млн-нан астам ел азаматтарының кірісі өседі. Жолдау жүктеген міндеттер Қарабалықта қазірден қолға алынуда. Бұл «Алмаз» фимасында еңбек етіп жүрген аудан тұрғындарының қуанышын еселей түскені сөзсіз.

Келер жылдан бастап жалақының жоғарылауы әрбір қазақстандық үшін шы­найы көмек болады. Бұл барлық сала­лар­да және барлық меншік формасындағы кәсі­п­о­рындарда еңбек ететін 1 млн. 300 мың адамның айлығын көтеруге оң сеп­тігін тигізері ешбір талас тудырмайды.

Жағымды жайттың куәсі болған тұрғындар Тәуелсіздік тойы қарсаңында тағы бір қуанышқа кенелді. «Нұр Отан» партиясының құрамы 20-ға жуық жергілікті азаматтармен толықты. Осылайша аудандағы бастауыш партия ұйымы ең көп мүше қабылдаған ұжымға айналды. Алдағы жылы тағы алпыс адамды қатарларына қосу көзделеген. Ал, Президент тапсырмасын іске асыруға асық азаматтарға салтанатты түрде партиялық билеттер табыс  етілді.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...