ШҰҒЫЛ! ҰРЫ БАНКИР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ҚОСТАНАЙДАҒЫ ҮЙЛЕРГЕ QR-КОДТАР ОРНАТЫЛУДА

18:10, 4 шілде 2018

«Smart City» жобасы аясында Қостанайдағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандардың ғимараттарына QR-кодтар орнатылуда. Тұрғындар аталған кодтар арқылы нысанның тарихын, пошталық индексін біле алады. Сондай-ақ, әр үйге бекітілген учаскелік полицей мен дәрігердің есімдері де жазылады.Осы жылдың қыркүйек айына дейін қаладағы 1600 көпқабатты үй мен әлеуметтік нысандарға арнайы кодтар енгізіледі. Бұған қоса, қаланың «Ақылды картасы» әзірленеді. Бұнда көшелердің тізбегі, коммуналдық желілер мен ғимараттар көрсетілетін болады.

Қостанайда  көше атаулары жазылған тақтайшалар толығымен жаңартылып жатыр. Тақтайшаға жазылған QR код арқылы ғимарат, тұрғын үйдегі пәтер иелері кооперативін, учаскелік дәрігер мен полиция қызметкерінің аты-жөнін, жұмыс және ұялы телефонын табуға болатын мүмкіндік жасалған. Ақпараттық тақтаның артықшылығы сол одан әр үйдің жеке пошталық индекс нөмірін де білуге болады. 

«Смарт Сити» жобасы аясында іске асып жатқан бұл бастама  елордада сәтті жүзеге асқаннан кейін, бұл тәжірибе Ақтөбе қаласында да енгізілді.  Қостанай шаһары пилоттық жобаны қолға алған үшінші қала.  Цифрландыру бағдарламасы аясында арнайы тақташалар КЖБИ мен  Орталықтағы үйлерге орнатылды. Бұл тек басы ғана..

Жоба жетекшілерінің сөзінше бастысы арнайы бағдарламаны ұялы телефонға жүктеп алсаңыз жеткілікті. Кез келген ақпаратты оңай әрі тез қол жеткізуге болады. Жаз  айларының соңына дейін 1600 тұрғын үй мен мемлекеттік мекемеге КЬЮ ЭР код беріледі. Бұған қазынадан 10 млн ға жуық қаражат бағытталды. Сондай ақ  қала тұрғындары  бағдарлама арқылы кез келген сауал бойынша жауап алып, шағымдар мен өтініш тілектерін  жөнелте алады. 

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
20:47, 19 қараша 2019
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
Толығырақ...