ШҰҒЫЛ! ҰРЫ БАНКИР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КІЛТІ - КӘСІПТІК БІЛІМДЕ

20:39, 10 мамыр 2018

Елбасы Жолдауында Қазақстанның әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін жұмысшы кадрларды дайындау сапасын көтеру және олардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруі қажет екенін баса айтты. Қазір Қостанай облысының кәсіби білім беру саласында 41 колледж жұмыс істейді. Ол оқу орындарында бүгінде 22 мыңдай студент білім алуда. Өңірдегі колледждерді жыл сайын сегіз мыңға жуық түлек бітіріп шығып, өз мамандықтары бойынша әртүрлі нысандарында тұрақты жұмыс істеуде.

Кезінде «ғарышкер болам», «ұшқыш болам» деп армандайтындар көп еді. Қарап отырсақ, қазір, қоғамға қажетті мамандықты меңгерген жастардың қарасында қисап жоқ. Бұл, әрине, көңіл қуантпай қоймайды. Қандай кәсіптің болсын, өз пайдасы, қызығы мен қиыншылығы бар. Дегенмен, жұмысшы мамандықтары бүгінгі еңбек нарығының орасан  сұранысын тудырып отыр. Қай колледжді алсақ та, заман талабына жауап беруге ынталы.

Жаһандану дәуірінде техникалық кадрларды даярлаудың тиімділігін арттыра түсу және білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтармен бөлісу – күн тәртібінен түспейтін мәні зор мәселе. Қазір бәсекеге қабілетті мамандарды өндірістік тәжірибесіз оқыту еш мүмкін емес. Сондықтан, әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп жұмыс істеуде белсенділік таныту қажет. Қат мамандық иелерінің қатарын арттыру - оқытушыларға артылған жауапкершілік

Кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру ісі қай мемлекеттің болмасын кәсіби маман дайындаудағы берік іргетасы саналады. Бүгінгі заман сұранысына сәйкес, заманауи кадр қалыптастыру - ортақ шаруа. Сондықтан, қай колледж қабырғасында оқыса да, студент өз елінің еңбек нарығын қамтамасыз ету керек. Оқытушылар ойының тобықтай түйіні де осы

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
20:47, 19 қараша 2019
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
Толығырақ...