ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

IT – ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

20:32, 2 мамыр 2018

Таран аудандық орта мектебі жанынан «Айти - технологиялар» кабинеті ашылды. Бұл, шәкірттердің дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ. Жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында меценаттардың көмегімен іске асырылды.

Аталған кабинет «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылып отыр. Елбасының биылғы Жолдауында білім беру жүйесін цифрландыру талаптарына бейімдеу қажеттігі айтылған. Бұл міндетті жүзеге асыруда цифрлы технология кабинеті үлкен көмек болмақ.

Сапар Ерғалиев атындағы Таран орта мектебі жанынан ашылған Айти-технологиялар  кабинеті тың идеялар мен  жаңа ізденістерге жол ашады.  Кабинет 3 д принтер, 3 д сканер, мультимедиялық тақта, жеке модельдерді құрастыруға арналған құрылғылар, робототехника жиынтықтарымен жабдықталған. Инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас таланттардың білімін арттырып, шеберлігін шыңдау және түрлі байқауларға  дайындалуға мүмкіндігін кеңейту – басты мақсат.   

Құрылғылармен жабдықтау ісі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асты. Жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетіп, 8 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген. Жаңа технологиямен жабдықталған кабинет жастардың цифрлы технологияның тілін жетік меңгеріп, инженерлік-технология бағытында ғылыми-зерттеумен айналысуларына жол ашпақ.

Тақырып бойынша материалдар

«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА
20:30, 2 маусым 2020
«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
20:30, 9 шілде 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...