ШҰҒЫЛ! Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар (Толық нұсқа) Толығырақ

Елбасы Жолдауы сот жүйесін жетілдіре түспек

18:15, 12 қаңтар 2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында атап көрсеткен 10 бағыттың бірі сот жүйесіне тиесілі. Заң үстемдігін қамтамасыз етуде, осы билік тармағына зор жауапкершілік жүктеледі. Қазір Қазақстандағы сот билігі нығайып, беки түсті. Нәтижесінде, дау-дамайлар сотқа жеткізілмей-ақ, бітімгерлік жолмен шешілуде.

Елбасының соңғы жылдары жүргізген құқықтық реформалары арқасында еліміздің сот саласы жаңа деңгейге көтерілді. Соттардың қызметін қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету ретке келтірілді. Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық сот залдар толық аудио – бейне бақылауға алынып, бұл сот төрелігінің барынша ашықтығын қамтамасыз етуде.  Өткен жылды 4000 мыңнан астам әкімшілік іс келіп түсті. Салынған айыппұлдардың жартысынан көбі төленді. Үстіміздегі жылы заңнамаға бірқатар өзгерісітер де енгізілді.

Өткен жылы кәмелет жасқа толмағандарға  қатысты 91, әке- шеше құқығынан айыру бойынша 130, ұсақ ұрлыққа қатысты 14 іс қаралды. Мектептердің бірінде мұғалімнің оқушыларды дөрекі балғаттағаны әшкере болды. Өкшелерімен қаз сияқты жүруге мәжбүрлеп, қорлаған. Бұл үшін ол, қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, үш жылға дейінгі мұғалімдік қызметтен шеттетілді.

Дау-дамайларды сотқа жеткізбей-ақ, бітімгерлік жолды таңдайтын азаматтар қатары артқан. Қазақстандық сот жүйесіне енгізілген дау-жанжалды шешудің жаңа мәдениеті - медиация облысымызда қолданысқа кеңінен енгізілуде. Өткен жылы  медиаторлар 496 даулы мәселені сотқа жеткізбей шешкен.

Сала мамандарының айтуынша, облысымызда 2017 жылы айтарлықтай жоғары сотқа дейін барар істер қозғалмаған. Айта кету керек,  бүгінде әр судья шамамен 120 азаматтық іс қарайды. Сондықтан алдағы уақытта, сотқа төрелік етушілердің  қатары артпақ.

Тақырып бойынша материалдар

Елбасы Жолдауы - өркендеу дәуірінің бастауы
20:39, 18 қаңтар 2018
Елбасы Жолдауы - өркендеу дәуірінің бастауы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Спортшыларға қосымша төлемақы тағайындалды
20:32, 15 қаңтар 2018
Спортшыларға қосымша төлемақы тағайындалды
Толығырақ...
Ұстаздар жалақысын көтеруге 3 млрд. теңге бөлінеді
20:30, 17 қаңтар 2018
Ұстаздар жалақысын көтеруге 3 млрд. теңге бөлінеді
Толығырақ...