ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

Елбасы Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңі

20:32, 23 ақпан 2018

Елбасының халыққа Жолдауы жақсы дәстүрге айналды. Биылғы Жолдауда айтылған 10 негізгі тапсырма Қазақстанның қысқа мерзім ішінде дамуын анықтап бермек. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды негізі ретінде әлеуметтік салаға, зейнетақымен қамсыздандыруға және адами капиталды дамытуға назар аударды. Қостанай жұртшылығымен кездескен еліміздің дін істері және азаматтық қоғам министрі – Нұрлан Ермекбаевтың пікірі осындай. Жергілікті тұрғындарға жаңа Жолдау жайлы жан-жақты мәлімет берген мәртебелі мейман алда атқарылар ауқымды жұмыстарды жіпке тізді

Басқосу басталмай тұрып, БАҚ өкілдеріне бас қаладан келген мейманмен оңаша сұхбаттасу сәті бұйырды. Тілшілердің сан түрлі сұрағына жауап берген министр Қостанай жеріне қандай мақсатпен келгендігін жеткізді.

Қазір дүниежүзі бойынша жаңа технологияларды іске асыру кең қолданыс тауып келеді. Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына ену үшін ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан қалыс қалмауы тиіс. Оны Елбасы өзінің биылғы Жолдауында  ерекше ескертіп өткен болатын.

Биылғы Жолдаудың барлық басымдықтары - жаһандық дәрежеге сай жаңғыру мен реформалаудың логикалық жалғасы. Сондықтан, сан салаға жүктелген міндеттердің мінсіз орындалуы кемел келешектің кілтіне қол жеткізуге мол мүкіндік береді. 4-ші өнеркәсіптік революция жағдайында даму кезеңіне қадам басуда қазақстандықтарды жойқын жоспар мен айқын мақсат күтіп тұрғанын мәлім етті министр.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
20:35, 13 желтоқсан 2018
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
Толығырақ...
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
20:30, 22 қараша 2018
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
18:20, 21 қараша 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...