ШҰҒЫЛ! 30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ Толығырақ

Елбасы Жолдауы - дамудың даңғыл жолы

20:34, 26 ақпан 2018

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президент жолдауында басымдық берген бағыттар елдің ертеңіне жолнұсқа. Бұндай пікірді Рудныйға жасаған жұмыс сапары кезінде ҚР Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов білдірді.

Оның айтуынша, Президент сонау тоқырау кезінде елдің тыныштығын сақтап, экономиканы түзеді. Елбасының өткен жылдардағы Жоладуында айтылған көптеген экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелер шешімін тапқан еді. Әділет саласының қызметкерлері Елбасы жүктеген тапсырмаларды орындауға бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын жеткізді. Индустрия саласына жаңа технологияларды енгізу,  Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.  «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі,көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. Еліміздің дамуын айқындаған стратегиялық  құжатта қуатты мемлекетке айналудың негізгі тетіктері сараланған. Оның негізгі бөлігі кәсіпкерлікті өркендетуге қатысты. Жанат Ешмағамбетовтың айтуынша,   индустрияландыру бағдарламасының арқасында   еліміз отандық өнеркәсіп өндірісін жаңа деңгейге көтерді. Қазақстан импортқа тәуелділікті азайтып, экпортты көбейтті. Бизнес климатты жақсарту мақсатында  мемлекеттік қызмет көрсету саласы оңтайландырылды. Бір терезе қағидасы жобасы іске қосылды. Кәсіпкерлікті тізгіндеген тұлғалар үшін әкімшілік кедергілер азайды. Мысал үшін,   шағын кәсіпкерлік субъектіні тіркеуде хабарламаны  әділет органдарына  электронды үкімет порталы арқылы жіберуге болады. Бұл әдіс  азаматтардың ең көп деген 1 сағат қана уақытын алады.  Қолға алынған реформалар нәтижесінде ел   экономикасы  әлемдік   беделді рейтингтерде  жоғары орынға табан тіреуде.  

Тақырып бойынша материалдар

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...