ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ

20:45, 25 қыркүйек 2019

Облыс орталығында «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция отырысы өтті. Келелі кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жүктелген міндеттер талқыланып, өңірде атқарылған істер баяндалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – Қазақстанның ақпараттық қоғамының жаңа кезеңіне аяқ басқанын айқын көрінісі. Осыған орай, «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция отырысы өтті. Жиынға қатысушылар саяси құжаттың мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқталып, оның қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталғанын жеткізді.

Кейінгі жылдары өңірде медицина саласы айтарлықтай дамуда. Өйткені, сала қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және оларды барынша қолдау Мемлекет басшысының үнемі назарында. Соңғы жылдары өңірде қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар бүгінде өз нәтижесін беріп, жаңа ғимараттар салынып, саланың материалдық-техникалық базасы нығайып, кадр тапшылығы екі есеге кеміген. Өңіріміздің бас дәрігерінің мәліметінше, денсаулық саласына биыл бюджеттен 53 млрд теңге бөлінген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артып отыр. Биыл тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында дәрі-дәрмектерге жергілікті бюджеттен 170 миллион теңге қаражат бөлінген. Тағы бір ауыз толтырып айтар жаңалық, жыл соңына дейін 5 аурухананың жөндеу жұмыстары аяқталады.

Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет қызметкерлеріне де көрсетілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында келесі жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көбейтуді тапсырған болатын. Бұл өз кезегінде мәдениет саласының ілгерілеуіне септігін тигізері хақ.

Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған елдерініңқатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Мемлекет басшысының орамды ойлары мен оңды бастамаларды жүзеге асыруда облыс жұртшылығын бірлесе жұмыс жасауға шақырған Нұротандықтар осылай деді.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар