ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР ТОРҒАЙ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

18:03, 6 сәуір 2018

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жангелдин ауданының жұртшылығымен де кездесті. Халық қалаулылары бес әлеуметтік бастаманың тиімді тұстарына, әсіресе, ауыл тұрғындары үшін жаңа мүмкіндік берер бағыттарына тоқталды. Депутаттардың айтуынша, шалғай елді мекен тұрғындары шағын кәсіп ашу бағытында зор мүмкіндікке ие. Тақырыпты толығырақ тілші әңгімелейді.

Елбасы 2018-ші жылы жеңілдетілген шағын несие қаржысына қосымша 20 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Ел халқының 40 пайызға жуығы ауылдарда тұратынын білеміз. Сол себепті, мемлекет жеңілдетілген шағын несие беру қаржысын ұлғайтып, ауылдағы ағайындарға өте тиімді тетік тауып беріп отыр. Бұрын мұндай мүмкіндіктер жасалмады. Қазір қашықта отырып кәсіп ашам дегендерге кедергі жоқ. Тек, бар күш-жігеріңмен өзіңе, еліңе пайда тигізсең болғаны, - дейді бес бастаманың берекеттілігін білген Торғай жұрты.

Үкімет бұған дейін де кәсіпкерлікті дамыту мақсатында тұрғындарға шағын несие берудің түрлі үлгілерін сәтті іске асырып келді. Бір ғана «Бастау бизнес» жобасын алайық. Ол кәсіп ашқысы келетіндерге серпін береді. Шағын несие беруді көбейту бастамасының артықшылығы қаржы көлемінің 62 млрд. теңгеге дейін жетуінде. Өз кезегінде ол игерілу деңгейіне қарай жыл сайын өсіп, екі еселенеді. Ал несие беру шарттары өзгеріссіз қалады. Хош, кәсіп ашу жолдарын кеңінен түсіндірген сенаторлар тілек-өтініштерге де құлақ асты

Жиын соңында депутаттар Елбасының осы және өзге де бағдарламасына қатысты тапсырмаларды халықпен бірлесе орындап, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды Үкіметке жеткізетіндерін айтты.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
20:35, 13 желтоқсан 2018
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
Толығырақ...
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
20:30, 22 қараша 2018
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
18:20, 21 қараша 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...