ШҰҒЫЛ! ҰРЫ БАНКИР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ДАМУҒА БАСТАР БЕС БАСТАМА

20:32, 3 шілде 2018

5 әлеуметтік бастаманы әр тұрғынға жіті түсіндіру керек. Осы мақсатта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен Мемлекеттік қызмет және банк саласы қызметкерлерінің кәсіподақ өкілдері Қарасу ауданында болды. Жергілікті жұртшылықпен жүздесіп, әлеуметтік саланың әлеуетін әрлендіруге бағытталған құжаттың тетіктерін талқылады. 60 мың теңгеден төмен айлық алатын жұмысшыларға Елбасының табыс салығын азайту есебінен жалақыны көбейту туралы тапсырмасын түсіндірді. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті өркендету мақсатында қосымша 20 миллиард теңге бөлінетінін атап өтті.

Мемлекеттік қызмет және банк саласы қызметкерлерінің кәсіподақ өкілдері  бес бастама аясында жастардың тегін білім алуы үшін жасалып жатқан мүмкіндіктерге тоқталды. 20 мың грант  кәсіби мамандықтарға бөлініп, студенттердің жағдайын жақсарту мақсатында жатахана салынатының айтты. Мәселен, біздің облыста 3300 студент жатаханаға зәру.  Бұл  мәселе мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде қолға алынбақ. Әлеуметтік жаңғыртуды көздеген құжатта президент баспанаға  қолжеттімділікті арттыру жайын  да ерекше атап өткен болатын.  

60 мың теңгеден төмен айлық алатын жұмысшыларға Елбасының табыс салығын азайту есебінен жалақыны көбейту туралы тапсырмасын түсіндірді.  Шағын несиелендір көлемін ұлғайту - Мемлекет басшысы көтерген тағы бір маңызды әлеуметтік бастама. Бизнесті өркендетуге бағытталған бастама аясында қосымша 20 миллиард теңге бөлуді тапсырды Елбасы.

5 әлеуметтік бастамаға қатысты жергілікті тұрғындар  ой-пікірлерін білді. Барлық бағыттар елдің әл ауқатын жақсартатынын жеткізді жамағат. Жиында және де жемқорлықтың алдын алу мәселесі де айтылды. Жең ұшынан жалғасқан қоғамдық кеселмен күресудің тетіктеорі түсіндірілді.

Департамент қызметкерлері айтады,  сыбайлас жемқорлықты жою үшін әр тұрғын тарапынан белсінділік қажет .  Халықаралық  тәжірибе  осыны көрсеткен.  

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
20:47, 19 қараша 2019
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
Толығырақ...