ШҰҒЫЛ! ҰРЫ БАНКИР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ДАМУҒА БАСТАР БЕС БАҒЫТ: ТИІМДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ КӨЗІ

18:08, 6 маусым 2018

Бүгін Астанада өткен шетел инвесторларының кезекті отырысында Елбасы атаған Қазақстанның ары қарай жаңғыру жолын жалғастырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жүзеге асырылуы тиіс бес бағыттың бірі – инфрақұрылымның жаңартылуы. Мемлекет басшысы соңғы 10 жылда бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылғанын айтты. Қостанай облысы бойынша да нәтиже бар. Былтыр тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымы 10 млрд. теңгеге жаңғыртылды. Қаржыландыру мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қарастырылды. Бірқатар аудандар сапалы ауыз суға қол жеткізіп, жылу маусымы жоспарға сай өткізілді. Ал биылға белгіленген жоспар қандай? Бұл туралы келесі бейнематериалда.

Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өткен жылы облыста 19 жоба жүзеге асырылды. Тозығы жеткен сумен қамту жүйелері жаңғыртылып, жаңадан қазандықтар салынды. Қостанай, Лисаков, Жітіқара қалалары, Қарабалық, Ұзынкөл, Таран аудандары мемлекеттік бағдарлама есебінен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жақсартып алды.

Одан қалды облыс орталығында тағы төрт жоба қалпына келтірілді. Карбышев көшесіндегі жылу магистралі жаңа кейіпке енді. Қостанай су торабындағы сорғы станциясы қайта жөнделіп, №5 кәріздік сорғы станциясы салынды. Жалпы 2020 жылға қарай ескі-құсқы инеженерлік жүйелерді 67-ден 53%-ға дейін азайту көзделген.

Биыл облыс тұрғындары мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналарын   жаңғырту мүмкіндігіне ие бола алады. Қайтарма қаражат негізінде екі тұрғын үйді жөндеу қолға алынды.            

Жалпы, 2015 жылдан бері Қостанай облысы «Нұрлы жол» бағдарламасының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымынн дамыту бойынша 12,7 млрд теңге игерді.

 

Данияр Сұлтанұлы

Тақырып бойынша материалдар

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
20:47, 19 қараша 2019
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
Толығырақ...