ШҰҒЫЛ! ҰРЫ БАНКИР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

Цифрлық жүйеге көшу - өркениет көшіне ілесу

20:33, 15 наурыз 2018

З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттері ІТ технология бағытындағы білімдерін шыңдауда. Енді олар ресейлік жоғары оқу орындарының шәкірттерімен бәсекелесе алады. Бұл – көршілес ел оқу орындарының Қостанай облысымен етене байланыс орнатқалы жасап отырған кезекті бір келелі қадамы. Осы орайда Орал федералдық университетінің студенттері мен жергілікті жастар цифрлық технологияны қаншалықты жетік меңгергендерін байқатып, байқауда өзара бақ сынасты.

Бүгінгі заман – жаңа технологиялар дәуірі дегенге ешкім талас тудырмайды. Күллі ғаламның компьютердің құдіретіне бас ұратыны еш жасырын емес. Демек, уақыттың да талабы сол боп тұр. Өркениет көшінен қалыс қалмауды өзекті мәселе еткен Елбасы өзінің Жолдауында өскелең ұрпақтың технология тілін меңгеруін міндет етіп отыр, дейді байқау бастамашылары.

Аймақ аумағында алғаш ұйымдастырылып отырған ІТ технологиялар аламанына  барлығы 16 команда қатысты. Олардың үшеуі Ресейден болса, қалғандары Қостанайдың намысын қорғайды. Студенттердің компьютер тілін жетік меңгергендігі бірден байқалады. Жасаған жобалары - арзанқол емес, көңілге де қонымды, қоғам үшін де пайдалы дүниелер.

Болашақ бағдарламашылар байқауы 3 аталым бойынша жеңімпаздар анықтайды. Олар: бағдарламалау, компьютерлік анимация және ең үздік презинтация деп аталады. Осы номинациялар бойынша ең сапалы деген жұмыстар таңдалынып алынады. Байқау болашақта да жалғасады, - дейді ұйымдастырушылар.

 

Тақырып бойынша материалдар

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
20:47, 19 қараша 2019
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
Толығырақ...