ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

20:36, 1 маусым 2018

Қазір дүниежүзі бойынша робототехника ғылымы кең қолданыс тауып келеді. Қазақстан дамыған отыз елдің қатарына ену үшін ғылыми-техникалық прогрестің тап осы маңызды бағытынан қалыс қалмауда. Оған Елбасы да биылғы Жолдауында тоқталып өтті. «Цифрлық Қазақстан» құру мақсатында техникалық білім берудің қаншалықты маңызды екендігін Алтынсарин ауданының ұстаздар қауымы терең түсінеді. Сондықтан, жергілікті демеушілердің көмегімен ауданда алғашқы цифрлық технологиялар кабинетін ашып отыр.

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында мектеп оқушыларын аудан атқамінерлер қуантты. Шәкірттерге тосыннан тарту етілген теңдесі жоқ сый - цифрлық технологиялар кабинетінің ашылуы. Жаз мерекесімен тұспа -тұс келген тарихи оқиғаның куәгерлерін алғашқы болып жергілікті билік өкілдері құттықтады.

Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кең көрініс тапқан игі бастама бизнес өкілдерінің туған жерге деген жанашырлығын айқын аңғартады. Айта кету керек, алдағы уақытта облыс көлемінде жеке кәсіпкерлердің демеуімен, барлық аудан-қалаларда 20-ға жуық кабинет ашылмақ.

Робототехника – бірқатар қиын техникалық пәндерді үйрететін керемет құрал. Мұнда оқушылардың тек логикалық ойлау қабілеті жетіліп қана қоймай, сонымен қатар, математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну, ойын нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, топпен жұмыс істеу секілді басқа да зерттеушілік біліктіліктері дамиды.

Қолданысқа берілген құлтемір құрастыру кабинетінде бір мезетте 12 шәкірттен жасақталған 5 топ жұмыс істей алады. Жергілікті білім бөлімі мамандарының мәліметіне сүйенсек, болашақта бұл үйірмеге ауданға қарасты елді мекендерден қосымша 60 оқушы тарту көзделіп отыр.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
20:35, 13 желтоқсан 2018
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
Толығырақ...
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
20:30, 22 қараша 2018
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
18:20, 21 қараша 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...