ШҰҒЫЛ! 30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ Толығырақ

ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ - ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

20:32, 5 маусым 2018

Цифрлы Қазақстан! Елбасы тапсырмасына сай, ақпараттық технологиялар қазір ішкі істер органдары, ауыл шаруашлығы, денсаулық, білім саласына жаппай енгізілуде. Оның нәтижесі де жоқ емес. Мәселен, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын алар болсақ, интеллектуалды жүйелердің арқасында шығындар қысқарған. Цифрландыру үрдісі тағы қандай мүмкіндіктерге жол ашты? Тілшімізден білейік.

Облыс әкімінің қатысумен өткен жиында әкімдер мен басқарма басшылары цифрландыру бағдарламасы бойынша  атқарылған істерді баяндады. Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов  сандық технологияны  белсенді енгізіліп жатқанын  жеткізді.  Қала әкімдігінде калл орталығы құрылды.   109 бірыңғай нөмірі арқылы  тұрғындардан өтініштер мен шағымдар қабылданады. Көшелерге  «ақылды жарықтандыру» жүйесі бойынша 229 инновациялық шамдар орнатылды. Жылдың соңына дейін  олардың саны  870 - ке жетпек. Жобаның тиімділігі -  жарыққа жұмсалатын  шығын азаяды. Бір айда 220  мың теңге үнемделді. Осылайша, цифрландыру шарасының көмегімен  коммуналдық шығындар біршама қысқармақ.   Бірақ,  жарық шамдарының тек 10 пайызы ғана жаңартылған. 

Ішкі істер органдары да  сандық технологияның  пайдасын көріп жүр. Бейнебақылау камералары  заңбұзушылықпен күресуде полицейлерге үлкен көмегін тигізуде.. Соңғы 3 айда мұндай құрылғылардың арқасында  28  қылмыстың беті ашылды. 7  көлік айдау дерегі, 4 тонау фактісі әшкере болды.  

Бейнекамералар тапшылығы Кеншілер шахарында бұрынан бері көтеріліп келеді. Мәселені шешу қаржыға келіп тірелуде.  Көшелерді камералармен толығымен  жабдықтау үшін шамамен 400 млн теңгедей қажет. 

Цифрлы Қазақстан  аграрлық саланы  дамытуға септігін тигізуде. Бүгінде ауыл шаруашылығ ымақсатында бөлінген жерлердің электронды картасы жасалуда.   Соның көмегімен жерлерді игеру барысы қадағаланады.    

Цифрлы технология бұдан бөлек денсаулық сақтау және білім беру салаларында да қолданыста. Мектептерде электронды күнделік қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар,педагогтар да атқарған жұмыстарының есебі мен жоспарларын қағаз күйінде емес, электронды үлгіде тапсырып жүр. Жалпы, мұның бәрі халықтың баққуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін айтты Архимед Мұхамбетов.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
20:50, 29 қазан 2019
«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА
Толығырақ...
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...