ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

20:30, 11 қыркүйек 2018

Ақылды технологияларды жете меңгеру - жаһанданған дәуірдің өзекті мәселесі. Қазақстанға жаңа әлем көшбасшыларының қатарынан табылуы үшін ел өмірінің барлық тармағына цифрлық технологияларды енгізу қажет. Осы мақсатта облысымызда көптеген шаралар қолға алынды. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Қазақстандықтардың өмір  сүру сапасын бұрынғыдан да жақсарта түсу үшін цифрландыру аясында көптеген жобалар қолға алынды. Бұларды іске асыру облыс орталығы Қостанай қаласында басталып та кетті. Қазір қаланың  коммуналдық қызмет жүйесінің біраз бөлігі  ортақ ақпараттандыру жүйесіне қосылған. Мұндағы мамандар  қала аумағында қалыптасқан жағдайды арнайы қондырғы арқылы бақылап отырады.

Түрлі кемшіліктердің орын алғаны анықталса, жедел түрде оны  қалпына келтіру шаралары жасалады. Яғни бұрынғымен салыстырғанда тез жүзеге асады. Сонымен қатар арнайы қондырғы арқылы қала көшелеріндегі көлік кептелісін жедел реттеуге болады. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін облыс орталығының біраз көшелеріне «ақылды бағдаршамдар» орнату жұмысы қолға алынған. Көшедегі шамдардың қосылуы да бір орталықтан басқарылатын болады.

Ұлттық экономикамызды дамытудың тың әрі тиімді  жолдарын қолданымға енгізу бағытында цифрландырудың алар орны ерекше. Смарт технологиялар көмегімен өмір сүру жағдайын біраз жеңілдетуге болады. Бұл жобалардың басты мақсаты да сол. Тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп, қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Ақыл Асқарова

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
20:35, 13 желтоқсан 2018
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
Толығырақ...
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
20:30, 22 қараша 2018
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
18:20, 21 қараша 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...