ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ – ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ

20:33, 5 сәуір 2018

Облысымызда математика - физика пәні бойынша терең білім беретін мамандандырылған мектеп - лицей - интернат бой көтермек. Оның құрылысына қазынадан 178 млн. теңге қарастырылмақ. Бұл бастама IT-технология саласының мамандарын дайындауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, Қостанай индустриалдық колледжі базасында «айти - орталық» жобасы іске асырылмақ. Бұл жобалар Елбасының тапсырмасына сай, білім беру саласын цифрландыру аясында қолға алынып отыр.

Жаһандағы дамыған мемлекеттердің  тәжірибесін негізге алған  Қазақ елі  білім беру саласын цифрландыруға қазір көптеп көңіл бөле бастағаны мәлім.   Ақпараттық технологиялар-саналы, сауатты  ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады. Мұны үнемі Елбасы да айтып келеді.  Бүгінде аймағымыздың барлық мектебі  бірыңғай сандық жүйеге қосылған.   Бәтима Даумованың айтуынша білім беру саласындағы электронды технологияның артықшылығын қолдану жөнінен облыс республика бойынша 2- орынға жайғасқан. Әйтсе де ,  кейбір аудандар көш соңында келеді.. 

Дегенмен, компьтерлердің ескіруі де -блім беру саласына сандық жүйені енгізуге кедергі келтіруде. Соңғы 6-7 жылда мектептерге мүлдем  компьютер сатып алынбаған.

Облыс әкімі  компьютер мәселесі кезең -кезеңмен 2020 жылға дейін шешілетінін алға тартты. Білім беру басқармасына осы бағытта нақты мәлімет беруді   тапсырды.

Ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған мектеп- лицей интернат облыс орталығында  бой көтермек. Оның құрылысына облыс бюджетінен 178 млн теңге қарастырылмақ.  Мақсат- математика- физика пәні бойынша терең білім беру,  озат оқушыларды  дайындау. Болашақта олардың  IT-технология саласына қызығушылығын арттыру.  Осы орайда Қостанай инустриалдық колледжі базасында «айти орталық» жобасын іске асыру жоспарланған.  Жоба құны 80 млн теңгеге бағаланған. Бұл бастама білікті кадрларды оқытуға мүмкіндік береді.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
20:35, 13 желтоқсан 2018
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРУ
Толығырақ...
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
20:30, 22 қараша 2018
С.БҰҚАНОВ: ӨТКЕНГЕ ЗЕР САЛМАЙ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУ ЖОҚ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
18:20, 21 қараша 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ҰЛТ ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...