ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ Толығырақ

«АНАЛАР КЕҢЕСІ» ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДА

20:50, 29 қазан 2019

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп айтқан. Осы орайда, Президент жолдауымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда аналар мен отбасының алар орны қандай? Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Аналар кеңесінің рөлі» талқыланды.

Әрбір ұлт өзінің салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету нәзік жандылардың қанына сіңген қасиет. Сондықтан, Президенттің жолдауда айтқан тапсырмалары мен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын орындау барысында әйелдердің алар орны бөлек. Республикалық аналар кеңесінің мүшесі Нәзипа Ыдырысқызы осы мәселеге баса назар аудару керектігін жеткізді.

Елімізде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың саны азайып келеді. Мамандар мұны баланы асырап алушылар санының көбейгенімен түсіндіреді. Мәселен, Айтжан Кішкентаеваның туған үш ұлын айтпағанда, тағы үш асыранды қыз баланы тәрбиелеп отыр. Қазір қал-қадірінше бүлдіршіндерге бар жылуын беруге тырысып бағуда.

Елімізде соңғы жылдары жетім балалардың үйлері жабылуда. Бұған себеп, қазақстандықтардың бала асырап алудағы белсенділігі. Бұл жағынан Қостанай өңірі де жақсы көрсеткішті ұстап тұр.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
20:38, 11 қазан 2019
«СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫ...
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:50, 10 қазан 2019
СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ – ҚОҒАМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ
20:45, 25 қыркүйек 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
20:25, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...