ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ – КӘСІБИ БІЛІКТІ АППАРАТ ҚҰРУ

20:39, 7 қараша 2019

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының басты бағыты – мемлекеттік қызметті жаңа деңгейге көтеру, яғни кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі. 15 қадамнан тұратын бұл жүйе қызметке қабылдаудағы кемшіліктер, қызмет сатысымен өсу, жалақы төлеу жүйесі, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін шешуге бағытталған. Биыл Қостанай облысында екі мыңға жуық конкурстар өткізілді.

Мемлекеттілікті нығайту үрдісі атап айтқанда халыққа және мемлекетке қызмет етуге бағытталған кәсіби мемлекеттік қызметті қалыптастыру болып табылады. Кадрлар бәрін шешеді деген ұғымға сүйене отырып бүгінде өмірін мемлекеттік қызметпен байластыруды шешкен азаматтарға ерекше көңіл бөлінуде.

Шәкіржан Кошордың сынақтары артта қалды.Ол мемлекеттік қызметке қабылданушыларға қойылатын талаптардан сүрінбей өткен .Бүгінде орман шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасауда.

Іріктеудің әрбір процедурасы ашық өтіп жатқанын конкурстық комиссияның бақылаушысы қадағалайды. Оның құрамына департаменттің өкілдері, қоғам өкілдері, сондай-ақ, әртүрлі ұйымдардың қызметкерлері кіреді.

Биылғы жылы кадрларды іріктеу кезінде құқық бұзушылықтар орын алмаған. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік қызметке алғаш рет түскендерге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңадан келгендер байқаудың барлық кезеңдерін сәтті өткеннен кейін ғана мемлекеттік қызметте қалуы мүмкін.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

2020 ЖЫЛЫ АУЫЛДАРҒА ДЕРБЕС БЮДЖЕТ ЕНГІЗІЛЕДІ
20:38, 13 қыркүйек 2019
2020 ЖЫЛЫ АУЫЛДАРҒА ДЕРБЕС БЮДЖЕТ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕДЕРГІСІЗ БОЛУЫ ТИІС
20:43, 10 сәуір 2019
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕДЕРГІСІЗ БОЛ...
Толығырақ...
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТҚАН
18:08, 22 ақпан 2019
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...