ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ БОЛАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ Толығырақ

ҰЛТ ЖОСПАРЫ: КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТКЕ – БІЛІКТІ МАМАНДАР

11:58, 21 қаңтар 2019

Мемлекеттік қызметтегі кадр саясатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары темірқазық етіп алынып, осы саланы жетілдіруге бағытталған іріктеу, біліктілікті арттыру жөнінде жұмыстар жүйелі жүзеге асуда. Биылдан бастап, мемлекеттік қызметке үміткер азаматтардың білімімен қатар, біліктілігіне қатысты талаптар күшейтілді. Ал жұмыс тәжірибесі бойынша қойылатын талаптар жеңілдетілді. Толығырақ тілші баяндасын.

Облысымыздың 20-дан астам аудан мен қалаларында 742 мемлекеттік орган бар. Штаттық тізімде 6359 қызметкер болса, оның  5899 мемлекеттік қызметте. 90 пайызы жоғары білімді.  Орташа еңбек өтілі 12 жылды құраса, осы салада еңбек ететін мамандардың орташа жасы 39 екен. Соңғы жылдары жастар тарапынан, мемлекеттік қызметке деген қызығушылық байқалады. 29 жасқа дейінгі 910 азамат жұмыс істейді. Биылдан бастап, бос лауазымға үміткерлерді қабылдаудың жаңа тәртібі енгізілді. 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен мемлекеттік әкімшілік қызметке үміткерлерді іріктеуде, жеке қасиеттерді бағалауды тестілеу кезінде жауаптардың дұрыстығының шекті мәні бенгіленді.«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарына өзгерістер енгізіліп, нақты мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарға жұмыс тәжірибесі бойынша қойылатын талаптар жеңілдетілді.
 

Үміткер, өз біліктілігін дәлелдеген жағдайда оған сертификат берілмейді. Бұл құжат «Е – қызмет» электронды базасында сақталады. Яғни, кадр қызметкерлері оны арнайы дерекқордан ала алады. Бұл шығынды азайтып, бірқатар үрдістерді жеңілдетеді. Игі бастамалардың мақсаты  мемлекеттік қызметтегі кадр саясатын жетілдіріп, білікті аппарат құру.

Тақырып бойынша материалдар

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕДЕРГІСІЗ БОЛУЫ ТИІС
20:43, 10 сәуір 2019
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕДЕРГІСІЗ БОЛ...
Толығырақ...
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТҚАН
18:08, 22 ақпан 2019
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРЕ ТҮСТІ
20:35, 7 ақпан 2019
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРЕ ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
16:12, 15 сәуір 2019
Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
Толығырақ...