Қостанайда тұрғын үй құрылысы қарқынды

Биыл әуежай шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 тұрғын үй ел игілігіне жаратылады. Баспаналардың құрылысы аяқталуға жақын. Үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары ғана қалды. Сонымен қатар мұнда болашақта 900 орынға есептелген мектеп, балабақша және спорттық нысандар бой көтереді.

16:41, 19 сәуір 2017   72

Бұл үйлердің құрылысы былтыр Нұрлы жер бағдарламасы бойынша қолға  алынды.  Оны  салуға Қостанай қаласындағы  тұрғын - ұй құрылыс комбинатының материалдары  пайдаланылды. Бөлмелердің іші кең,  жайлы,  жарық. Кірсе – шыққыссыз. Жоғары талғаммен жасалған. Тіпті киім- кешектерге арналған шағын  бөлмелер де қарастырлған. Пәтерлер  барлық  талапқа толықтай  жауап береді.  

Жас отбасылардың  жақсы тұрмысы үшін жайлы пәтерлерден  бөлек,  әлеуметтік нысандардың да көп болғаны маңызды. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша инфрақұрылым салу  жұмыстары   маусым айында басталады.

Бір бөлмелі пәтерлер 39 шаршы метр. Олардың бағасы 140 мың теңгеден аспайтынын айтады банк өкілдері. Ендігісі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына  қаржының 30 пайызын  жинау керек. Егер неғұрлым ұзақ мерзімге депозит ашса, несие шарттары соғұрлым тиімді болады. Және жыл сайын үкіметтен 20 пайыз сыйақы   қарастырылған. Айтпақшы, жеке шот ашқан салымшылар енді бұрыңғыдай    комиссия үшін тағы қосымша сома  төлемейді.

Бүгінде елімізде осы жүйе бойынша мыңдаған отбасы жаңа баспаналарына қоныстанды. Облыста қазіргі күні 20 мыңнан артық  адам пәтерге кезекте тұр. Соның жартысына жуығы Қостанай шаһарына тиесілі. Елбасының жолдауына баспана бас қайғысына айналған көп шаңырақтың базынасы ескерілген. «Нұрлы жер 2020» бағдарламасына сәйкес, биыл өңірде 7 тұрғын үй салынады.  Бұл кезек санын біршама қысқартпақ. Келешекте мемлекеттік бағдарламамен салынатын үйлердің бағасын арзандатуға қазірден бастап қам жасалып жатыр. Бұл- құрылыс материалдарының жергілікті жерде дайындалуы арқылы жүзеге асырылады.

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-11-44