ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Толығырақ

АУЫЛДА КӘСІПКЕРЛІК ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

18:09, 16 сәуір 2018

Қарабалық ауданында шағын және орта бизнес нысандарының қатары жыл санап арта түсуде. Мемлекеттің қолдауын тиімді пайдаланған ауылдықтар жеке кәсіптерін ашып, жұмыссыздар санын азайтуға үлес қосуда. Былтыр 123 жаңа жоба жүзеге асырылған. Олардың көбі ауыл шаруашылығы бағытына ден қойып, өнім өңдеуге мән беруде.

Қарабалық ауданының тұрғыны  Еркін Есенов былтырдан бері жылыжай салып, бақша дақылдарын өсірумен айналысуда. «Қолға алған ісім тиімді болған соң, биыл бизнесімнің ауқымын кеңейте түсуді көздеп отырмын. Жақында тағы да бір жылыжай салдым. Үкіметтен қаралған көмек тисе, кәсібімнің бұдан да дами түсеріне сенемін», дейді ол.

Қарабалық ауданында былтыр жалпы құны бір жарым миллиард теңге болатын 123 бизнес жоба жүзеге  асырылған,140 жаңа жұмыс орны ашылыпты. Соңғы жылдары аудан  кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге баса назар аударуда. Мәселен, Алмаз кәсіпорнында  тағы да оншақты жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал мұндай жұмысы жүйелі жолға қойылған  кәсіпорындар бұл ауданда баршылық.

Қарабалық ауданының тұрғындары үкіметтен шағын және орта бизнесті  дамытуға бөлінген  көмекті  осылайша ұтымды  пайдалана білуде. Мемлекеттің  қолдауының арқасында табыстарының еселене түсеріне ауылдықтар сенімді.  

Қ.Сейдахмет

Тақырып бойынша материалдар

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ - МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
13:16, 1 маусым 2018
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ - МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ МОЛ
20:37, 30 сәуір 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ МОЛ
Толығырақ...
ЛАУАЗЫМЫН ПАЙДАЛАНҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
20:45, 3 сәуір 2018
ЛАУАЗЫМЫН ПАЙДАЛАНҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
13:12, 15 қазан 2018
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Толығырақ...
«ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
20:37, 15 қазан 2018
«ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...