ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

2020 ЖЫЛЫ АУЫЛДАРҒА ДЕРБЕС БЮДЖЕТ ЕНГІЗІЛЕДІ

20:38, 13 қыркүйек 2019

2020 жылдан бастап облысымызға қарасты 45 ауылдық округке төртінші деңгейлі бюджет енгізіледі. Осы орайда елді – мекендерді кадрлық қамтамасыз ету, салық жүйесі бойынша қызметкерлердің білімін арттыру, компютермен қамту жұмыстары тиянақты атқарылуы тиіс. Қарасу ауданын жұмыс сапарымен барған Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов осылай деді. Ауыл әкімдіктернің қатысуымен өткен мәжілісте қаржыны сапалы игеру жайы айтылды.

Ұлт жоспарының 98-қадамында ауыл округтерінің өз бюджеті болуы қажеттігі айтылған. Жаңа жылдан бастап облысымызға қарасты 45 елді мекенде осы жүйеге көшпек. Осылайша, қаражатты қалай, қайда жұмсауды село әкімдері халықпен ақыдасып өздері реттейтін болады. Сондықтан жергілікті билік тізгіндеген басшыларға қойылған басты тапсырма - экономикаға қаржы тарту, салық түсімін молайту. Жыл басынан бері 4 деңгейлі бюджеттің түсімі бойынша жоспар 113%-ға орындалды. Қазынға 118 млн теңге түскен.

Дербес бюджет Қарасу ауданындағы 3 ауылға былтыр енгізілген болатын. Бұл аудан орталығы, Октябрь селосы мен Железнодорожный ауылы. Осы аталған елді- мекендерде 8 мың адам тұрады. Елбасының 100 нақты қадамда айқындаған тапсырмасын іске асыру арқылы жергілікті жергілікті қазынаға түскен кіріс молайғанын атап өтті аудан әкімі. 2020 жылдан бастап барлық ауылдық округтерде өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі. Осы ретте кадрлық қамтамасыз етуге қатысты түйткілді мәселе бар.

Бұл тек Қарасуға тән мәселе емес. Дербес бюджет енгізілетін 45 ауылдық округте 30 – ға тарта маман жетіспейді. Ауыл әкімдіктерінің мойнына артылар жүк ауыр. Бюджетті игеруден бөлек, ауыл аймақтарды таза сумен қамту, жол жөндеу, тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемдесу сынды міндеттері де бар. Қаржыны сапалы игеру және іскерлік қабілеттерін арттыруға көптеп мән берілмек. Және де тұрғын саны 50-ге жетпейтін елді мекендер басқа әлеуеті жоғары ауылдарға біріктіріледі. Жаңа жүйе аясында оларды оңтайландыру қарастырылған. Мұндай тізімге енген 27 елді мекен бар. Осы мәселеге қатысты мәжілісте сұрақтар жолданды облыс әкімінің орынбсарына.

Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесін іске асырудағы негізгі міндет- ауыл аймақты көркейту. Жергілікті маңызы бар ауылдардағы түйткілді мәселелерді шешуге мүмкіндік молаяды.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕДЕРГІСІЗ БОЛУЫ ТИІС
20:43, 10 сәуір 2019
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕДЕРГІСІЗ БОЛ...
Толығырақ...
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТҚАН
18:08, 22 ақпан 2019
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРЕ ТҮСТІ
20:35, 7 ақпан 2019
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРЕ ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...